Now Reading
Алматы облысында мүгедектігі бар адамды 2 миллион теңге үшін өлтіріп кеткен
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Алматы облысында мүгедектігі бар адамды 2 миллион теңге үшін өлтіріп кеткен

Алматы облысында мүгедектігі бар адамды 2 миллион теңге үшін өлтіріп кеткен

Осыдан бірнеше күн бұрын Қарақастек ауылында пышақ жарақаттары бар қырық жастағы ер адамның мәйіті табылды. Күдікті бірден қамауға алынды. Бірақ жақындары кісі өлтіруге тағы бірнеше адамның қатысы бар екеніне сенімді.

Екінші топтағы мүгедектігі бар, көп балалы әке Нұрсұлтан Нүсіпханұлы 11 маусым күні үйінен шығып қайтып оралмаған. Кешкі уақытта Қарақастек ауылынан бірнеше шақырым жерде пышақ жарақаттары бар мәйіті табылған. 

Марқұмның туыстары кісі өлтірген бірнеше қылмыскердің бар екенін айтады. Күдікті жандар Нүсіпханұлының банк шотынан екі миллион теңгеге жуық ақша аударып үлгерген екен.

«Оны білетін адамдар өлтірген, сонымен бірге  ол кісілер онымен бірге мал баққан. Ақша алу үшін олар інімді өлтіріп, мәйітіні жол бойына тастап кеткен. Күдіктіні ақша аударымдары арқылы полиция бірден анықтаған. Мүмкін ол жалғыз болмаған шығар, нақты айта алмаймыз. Бір адамның мұндай әрекетке баруы мүмкін емес деп ойлаймыз» — дейді  Н.Нүсіпханұлының інісі Бекмұрат Нүсіпханұлы.

Ал марқұмның әйелінің айтуынша, күдіктілер күйеуінен осыған дейін ақша бопсалауға тырысқан.

«Әзірге қылмыстық іске бір ғана күдікті қатысты»,- деп хабарлайды облыстық полиция департаменті. Барлық қажетті тергеу шаралары әлі жүргізілуде.

«Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бірінші бөлігіне сәйкес яғни кісі өлтіру бойынша қылмыстық құқық бұзушылық фактісі бойынша аудандық ішкі істер басқармасының СДТБР тіркелген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлерімен Тәртіп сақшылары дереу күдікті К. азаматты анықтап, барлық қажетті жедел-іздестіру шараларын жүргізді», — деді облыстық ІІД ресми өкілі Ернар Сайділдин.

Қазір 19 жастағы күдікті Жамбыл облысының тергеу изоляторында отыр. Егер оның кінәсі дәлелденсе, ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×