Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы бастығының орынбасары міндетін атқарушы Азамат Оспанов онлайн брифинг барысында мүмкіндігі шектеулі балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мәселесін көтерді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Басқарма өкілінің айтуынша басқарма жыл сайын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлігінде үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландырады.
«Бұл мекемелер келесі бағыттарға бөлінеді: психоневрологиялық патологиясы бар балалар (соның ішінде Даун синдромы), аутизм спектрі бұзылған балалар және тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар. Бұл мекемелер жыл сайын 1936-дан астам адамға қызмет көрсетеді.
Бүгінде қалада ерекше қажеттіліктері бар балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 8 үкіметтік емес ұйым бар. Орталықтар әзірленген стандарттар аясында қызметтердің толық кешенін көрсетеді, сонымен қатар балалар бассейнге барады, иппотерапия сабақтары өткізіледі», — деді Азамат Оспанов.
Сондай-ақ, ол мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін оңалту орталықтарына жіберу жоғарыда аталған стандартқа сәйкес жүргізіледі.
Осындай орталықтардың қатарында «Балам-ай» мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау қайырымдылық қоры» ҚҚ, «Erekshe Analar» қоғамдық қоры, «Астана мүгедектігі бар балалар қоғамы» ҚБ, «Орда» Астана қаласының аутизмі бар балалардың ата-аналар қауымдастығы» ҚБ, «Береке Астана мүгедектігі бар адамдар қауымдастығы» ҚБ, «Солнечный мир» АҚ бар.