Now Reading
Қостанайда қарттар мен мүгедектігі бар жандарға әлеуметтік көмек көрсетуге 318 млн теңгеден астам қаражат бағытталады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қостанайда қарттар мен мүгедектігі бар жандарға әлеуметтік көмек көрсетуге 318 млн теңгеден астам қаражат бағытталады

Қостанайда қарттар мен мүгедектігі бар жандарға әлеуметтік көмек көрсетуге 318 млн теңгеден астам қаражат бағытталады

Қостанайда биыл мемлекеттік мекемеде де, ҮЕҰ-да баламалы нысанда да әлеуметтік қызметкердің қызметіне 318,6 млн теңге бөлінді. Бұл туралы қала әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ақбөпе Манатова мәлім етті.

 

Үйде өзіне-өзі қызмет көрсету мүмкіндігін ішінара жоғалтқан қарт адамдарға және мүгедектігі бар жандарға, сондай-ақ объективті себептермен оларға көмек пен қамқорлық көрсете алмайтын туыстары бар адамдарға әлеуметтік қызмет көрсетіледі.

 

«Қарттар мен мүгедектігі бар жандарды күту бойынша бір әлеуметтік қызметкер 8 қарт пен 1, 2 топтағы мүгедектігі бар жандарға, мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар жандарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер 4-6 балаға қызмет көрсетеді. Әлеуметтік қызметкер аптасына екі рет 1,5 сағаттан (плюс 0,5 сағат жолға) қызмет алушыларға бару арқылы жеке кесте бойынша қызмет көрсетеді және 8 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді», — деп түсіндірді А.Манапова.

 

Соңғы үш жылда арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуді қаржыландыру айтарлықтай өсті. 2020 жылы бұған 131,5 миллион теңге бөлінген болса, биыл бұл сома 318,6 миллион теңгені құрап отыр.

 

Мәселен, жыл басынан бері 342 қария, 51 1-ші және 2-ші топтағы мүгедектігі бар жандарға, 18 жасқа дейінгі және одан жоғары 109 мүгедектігі бар бала арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылды.

 

Бөлім бұл қызметтің танымал екенін, бірақ әлеуметтік қызметкерлерде олардың барлығына қызмет етуге физикалық күш пен уақыт жетіспейтінін атап өтті.

 

«Жыл басынан бері әлеуметтік қызметкердің қызметін қабылдау бөліміне жаңа қызмет алушылардан 57 өтініш түсті. Осы 57 өтініштің 27-сі кезекте тұр. Себебі, бір әлеуметтік қызметкерге белгіленген жұмыс көлемі 8 адамды құрайды, олардың әрқайсысы толық жүктеліп, басқа адамдарға қосымша қызмет көрсете алмайды, себебі бұл қызмет сапасының төмен болуына әкеледі. Талдау көрсеткендей, кезек айына 1-2 адамға жылжиды, осыған байланысты әлеуметтік қызметкерлер штатын 4 бірлікке ұлғайту қажеттілігін есептеу жұмыстары жүргізілуде», — деп түсіндірді басқарма басшысы.

 

«Бюджеттегі өзгерістерді келесі қарау барысында тиісті құжаттар ұсынылады», — деп сендірді А.Манатова.

 

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×