Now Reading
Қазақстан Республикасында аз қамтылған отбасыларға коммуналдық қызметтерді төлеуге көмек көрсетіледі
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстан Республикасында аз қамтылған отбасыларға коммуналдық қызметтерді төлеуге көмек көрсетіледі

Қазақстан Республикасында аз қамтылған отбасыларға коммуналдық қызметтерді төлеуге көмек көрсетіледі

2021 жылдан бастап Қазақстан электр қуатының тапшылығына ұшырайды. Біз оның өндірісін арттыруымыз керек. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты.

«2021 жылдан бастап Қазақстан электр қуатының тапшылығына ұшырады. Біз оның өндірісін ұлғайтуымыз керек, сондықтан тарифтерді өсіру қажет. Ал «инвестицияға айырбас тариф» деген қағиданы енгізгенде, тарифтің көтерілуінен түсетін пайда біреудің қалтасына емес, өндірісті нақты жаңғыртуға кететініне сенімді боламыз. Жаңа саясат тарифтерді қалыптастырудың бүкіл процесінің ашықтығы, есеп беруі және жариялылығы қағидаттарына негізделетін болады», — деді Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша, тиісті заңнамалық түзетулер мен нормативтік құқықтық актілер қабылданды.

«Бұған дейін табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламалары мен тарифтерін реттей алмадық. Енді бұл мүмкін болып отыр. Бұл ретте тарифтердің көтерілуі аз қамтылған отбасылардың кірісіне әсер етпейді. Бұл мәселе қарастырылды. Тұрмысы төмен отбасыларға жергілікті бюджет есебінен коммуналдық төлемдерді төлеуге тұрғын үй көмегі көрсетіледі. Коммуналдық шығындардың деңгейі үй шаруашылығының орташа айлық жиынтық табысының 10 пайызынан асатын болса төленеді. Қазір орталық және жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік секторда ауқымды жұмыстар атқаруда», — деп қосты Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ ұзақ уақыт бойы станциялар мен коммуналдық қызметтер іс жүзінде кіріссіз жұмыс істегені, сондықтан жөндеу мен жаңартуға ешқандай қаражат салынбағаны атап өтілді.

«Қандай да бір жұмыстар жасалған болса, онда қарыз капиталын тарту арқылы немесе мемлекет есебінен жүргізілді. Сонымен қатар электр нысандарының жөндеу жұмыстары он есеге қымбаттады. Металл прокатына, құбырларға, арматураларға, подшипниктерге, сорғыларға, электр жабдықтарына және т.б. бағаның айтарлықтай өсуі де байқалады. Энергетика саласының жалақысы төмен болғандықтан, білікті мамандардың кеткені да көп. Ал кәсіпорындар жұмыс жағдайын жақсарта алмады», — деп түсіндірді Әлихан Смайылов.

Бұған дейін ол халық үшін тариф өсімі биыл 10-30 пайызды құрайтынын айтқан бо2021 жылдан бастап Қазақстан электр қуатының тапшылығына ұшырайды. Біз оның өндірісін арттыруымыз керек. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты.

«2021 жылдан бастап Қазақстан электр қуатының тапшылығына ұшырады. Біз оның өндірісін ұлғайтуымыз керек, сондықтан тарифтерді өсіру қажет. Ал «инвестицияға айырбас тариф» деген қағиданы енгізгенде, тарифтің көтерілуінен түсетін пайда біреудің қалтасына емес, өндірісті нақты жаңғыртуға кететініне сенімді боламыз. Жаңа саясат тарифтерді қалыптастырудың бүкіл процесінің ашықтығы, есеп беруі және жариялылығы қағидаттарына негізделетін болады», — деді Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша, тиісті заңнамалық түзетулер мен нормативтік құқықтық актілер қабылданды.

«Бұған дейін табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламалары мен тарифтерін реттей алмадық. Енді бұл мүмкін болып отыр. Бұл ретте тарифтердің көтерілуі аз қамтылған отбасылардың кірісіне әсер етпейді. Бұл мәселе қарастырылды. Тұрмысы төмен отбасыларға жергілікті бюджет есебінен коммуналдық төлемдерді төлеуге тұрғын үй көмегі көрсетіледі. Коммуналдық шығындардың деңгейі үй шаруашылығының орташа айлық жиынтық табысының 10 пайызынан асатын болса төленеді. Қазір орталық және жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік секторда ауқымды жұмыстар атқаруда», — деп қосты Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ ұзақ уақыт бойы станциялар мен коммуналдық қызметтер іс жүзінде кіріссіз жұмыс істегені, сондықтан жөндеу мен жаңартуға ешқандай қаражат салынбағаны атап өтілді.

«Қандай да бір жұмыстар жасалған болса, онда қарыз капиталын тарту арқылы немесе мемлекет есебінен жүргізілді. Сонымен қатар электр нысандарының жөндеу жұмыстары он есеге қымбаттады. Металл прокатына, құбырларға, арматураларға, подшипниктерге, сорғыларға, электр жабдықтарына және т.б. бағаның айтарлықтай өсуі де байқалады. Энергетика саласының жалақысы төмен болғандықтан, білікті мамандардың кеткені да көп. Ал кәсіпорындар жұмыс жағдайын жақсарта алмады», — деп түсіндірді Әлихан Смайылов.

Бұған дейін ол халық үшін тариф өсімі биыл 10-30 пайызды құрайтынын айтқан болатын.латын.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×