Now Reading
Қала әкімі Жеңіс Қасымбек мүгедектігі бар азаматтардың проблемалық мәселелері бойынша белсенділермен кездесті
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қала әкімі Жеңіс Қасымбек мүгедектігі бар азаматтардың проблемалық мәселелері бойынша белсенділермен кездесті

Қала әкімі Жеңіс Қасымбек мүгедектігі бар азаматтардың проблемалық мәселелері бойынша белсенділермен кездесті

Қала әкімі Жеңіс Қасымбек мүгедектігі бар азаматтармен кездесті, оның ішінде Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар азаматтардың инклюзивтілігін дамыту және құқықтарын қорғау министрінің штаттан тыс кеңесшісі, ABAI TV телеарнасының тележүргізушісі Алмаз Ержан, әкімдердің инклюзияны дамыту жөніндегі штаттан тыс кеңесшілері Жанат Қабдолла мен Қасенова Жанна, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕҮҰ» АҚ өкілдері Сейтпекова Дана және Мұқанова Айша, сонымен қатар IT маманы Ргебаев Қуат қатысты.

Күн тәртібінде мүгедектігі бар азаматтар үшін елорданың қолжетімділігі мәселелері талқыланды.

Қала әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша:

Қала тұрғындардың өмір сүруі үшін қолайлы болуы керек. Біз осы мақсатта, сол сияқты ерекше қажеттілігі бар жандарға жағдай жасау үшін жұмыс істеп жатырмыз. Бұл бағытта бізді үлкен жұмыс күтіп тұр. Мүгедектігі бар азаматтармен кездестім. Кездесуде бірқатар мәселелерді талқыладық: оңалту орталықтарының желісін кеңейту, медициналық көмек көрсету, қалалық орта мен қоғамдық көліктің қолжетімділігі, инватакси қызметтерімен қамтамасыз ету, мүгедектігі  бар адамдар арбасын сатып алу және т.б.

✔️Жүйелі мәселелер – медициналық ұйымдар мен инватакси санының артуы. Мәселен жаңа тұрғын үй кешендерінің бірінші қабатында әлеуметтік нысандар (оның ішінде оңалту орталықтары да бар) ашамыз. Сондай-ақ биыл инватакси санын 2 есе арттырдық. Дегенмен бұл да жеткіліксіз. Сол себепті ерекше қажеттілігі бар қала тұрғындарымен және қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп, мүгедектігі бар адамдарға жағдай жасау үшін бар күшімізді саламыз. Кездесу барысында көтерілген мәселелерді шешу жұмысы қолға алынды.

Сондай-ақ еліміздегі тұңғыш әлеуметтік ақпараттық Inva.kz порталының жұмысы талқыланды. одан әрі дамыту және жоспарлар, жобаның маңыздылығы атап өтілді, өйткені бұл порталда сіз елдегі мүгедектігі бар азаматтарға арналған барлық өзекті әлеуметтік жаңалықтар және инклюзияның дамуы туралы ақпаратты бірінші болып біле аласыз.

Қала әкімінің мұндай кездесулерінің маңыздылығы мен қажеттілігін атап өткен жөн, өйткені көптеген мәселелер бар болғандықтан, мүгедектігі бар азаматтар күн сайын қоғамдық көліктің қолжетімсіздігі, тұрғын үй кешендерінің, дәріханалар мен демалыс орталықтарының жанында пандустардың жоқтығы мәселелерімен бетпе-бет келуде. 

Жиын қорытындысы бойынша аймақ басшысы жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ қаладағы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмір сүру сапасы мен деңгейін арттыру шаралары талқыланды.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×