Now Reading
Алматыдағы жанжалдан кейін прокурорлар Қазақстандағы барлық балалар лагерлерін тексереді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Алматыдағы жанжалдан кейін прокурорлар Қазақстандағы барлық балалар лагерлерін тексереді

Алматыдағы жанжалдан кейін прокурорлар Қазақстандағы барлық балалар лагерлерін тексереді

Лагерьлерде тұру, тамақтану, санитарлық және басқа да қауіпсіздік талаптарының сақталуы тексеріледі.

 

Алматыда мектеп оқушылары сауна ғимаратына орналастырылған оқиғадан кейін Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі балалар лагерлері тексерілетін болады, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

 

«Жазғы кезеңді және балалардың құқықтарының ықтимал бұзылуын ескере отырып, Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша аумақтық прокурорлар уәкілетті органдармен бірлесіп мемлекеттік, жеке және шатырлы лагерьлердің қызметін тексеруге кірісті. Тексерулермен балалардың тұру жағдайларын, санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын, өрт қауіпсіздігін, тамақпен және медициналық көмекпен қамтамасыз етуді қамту жоспарлануда», — делінген хабарламада.

 

Прокурорлар 2023 жылға арналған балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша қызметтерді сатып алудың заңдылығын да тексеретін болады.

 

Қазір елімізде 848 лагерь бар, оның 118-і мемлекеттік, 100-і жекеменшік, 630-ы шатырлы.

 

Бұған дейін Алматыда балалар лагерлерінің бірінің төңірегінде жанжал шыққан болатын. Жетісу өңірінің балалары сауна ғимаратына орналастырылып, ата-аналардың наразылығын тудырды. Жеткізушімен келісім-шарт бұзылды, білім бөлімінің жауапты қызметкеріне қатаң сөгіс берілді. Алматы прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 361 және 140-баптары – «Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану» және «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...