Now Reading
Қызылорда облысындағы балабақшаларда балалар еденде ұйықтауда
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қызылорда облысындағы балабақшаларда балалар еденде ұйықтауда

Қызылорда облысындағы балабақшаларда балалар еденде ұйықтауда

Әлеуметтік желіде Қызылорда облысында балабақша тәрбиеленушілері орын тапшылығынан еденде жатып ұйықтауда екендігі туралы ақпарат тарауда. Осыған байланысты облыстық білім басқармасы тексеру жұмыстарын бастады.

Әлеуметтік желіде Қазалы ауданындағы балабақшада бүлдіршіндерді еденге жатқызуға мәжбүр болғаны туралы ақпарат таралып, фотосуреттер желіде жарияланды. Сондай-ақ фотосуреттерден балалардың бір жерде екі-үшеуінің жатқанын көруге болады.

Облыстық білім басқармасы бұл жағдай бойынша түсініктеме берді.

«Осы мәселе бойынша Қызылорда облысының білім басқармасы келесіні хабарлайды. Облыстық білім басқармасы арнайы жұмыс тобын құрды, аудандағы балабақшалардағы жағдайды тексеру жұмыстары жүргізілуде. Осы жұмыстардың қорытындысы бойынша кемшіліктер анықталған жағдайда, тиісті уәкілетті органдарға ұсыныстар енгізіліп, заң аясында шешімдер қабылданады», — дейді білім басқармасы хабарламасында.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...