Now Reading
АҚШ-та гендік модификацияланған көз тамшыларының арқасында зағип баланың көзі көретін болды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > АҚШ-та гендік модификацияланған көз тамшыларының арқасында зағип баланың көзі көретін болды

АҚШ-та гендік модификацияланған көз тамшыларының арқасында зағип баланың көзі көретін болды

Зағип бала герпес вирусы негізінде жасалған көз тамшыларын қолданғаннан кейін қайтадан көретін болған.

14 жастағы Антонио Венто Карвахаль бүкіл денесін және көзін көпіршіктер басатын сирек кездесетін генетикалық ауру — дистрофиялық буллоздық эпидермолиз салдарынан өмірінің көп бөлігі зағип болып өткен.

Бірақ ол Майами университетіндегі Баском Палмер көз институтында Альфонсо Сабатер есімді дәрігер басқаратын әлемдегі алғашқы жергілікті гендік терапияның клиникалық сынауына қатысқан кезде таңғажайып оқиға орын алды.

Антонионың отбасы АҚШ-қа 2012 жылы Кубадан арнайы визамен келген, бұл Антониоға дүние жүзінде 3000-ға жуық адам зардап шегетін ауруды емдеуге мүмкіндік берді. Оның көзіндегі тыртықты алып тастау үшін операция жасалды, бірақ ол қайтадан пайда болды. Антонионың көру қабілеті нашарлай берді, ақыры оның көзі жұрген кезде өзін қауіпсіз сезінбейтін дәрежеге дейін нашарлады.

Доктор Сабатер балаға шешімін табамын деп уәде берген еді, ол сөзінде тұрды. Оның командасы инактивтендірілген қарапайым герпес вирусына негізделген арнайы көз тамшыларын жасап шығарды, ол Антонио терісіне шығатын көпіршіктерді емдеу үшін қолданылған тәжірибелік гельді қайтадан тамшы түрінде қайта шығарды.

Екі жыл бойы препарат тышқандарда сыналғаннан кейін, Сабатер командасы көз тамшыларын адамдарға қолдануға рұқсат алды. Өткен жылдың тамыз айында Антонио оң көзіне ота жасалды, содан кейін доктор Сабатер оны көз тамшыларымен емдей бастады.

Дәрігердің айтуынша, Антонионың көзі операциядан кейін қалпына келген, тыртықтары қайтып оралмаған, ай сайын айтарлықтай жақсару байқалған. Жақында дәрігерлер Антонионың оң көзінің көруін өлшеген және оның қабілеті жоғары деңгейде екенін анықтаған.

Осы жылы доктор Сабатер Антонионың сол жақ көзін емдеуге кірісті, оның тыртықтары тіпті көп. Ол баланың сол жақ көзінің көруі де жақсарып келе жатқанын айтады.

Антонио офтальмологиялық институтқа апта сайын дерлік тексерілу үшін келеді және айына бір рет тамшылар алады. Тексеруге келген кезінде Антонио қолды, аяқты және денені жабатын қорғаныс киімін киюі керек. Себебі Антанио терісі «көбелек балалар» деп аталатын осы аурумен ауыратын басқа балалар сияқты соншалықты нәзік, тіпті кез келген терімен жанасу оған зиян тигізуі мүмкін.

Антонио әлі күнге дейін көз тамшылары дайындалған теріге арналған гельді пайдаланады.

Доктор Сабатер өзінің әзірлеген көз тамшылары АҚШ-тағы 18 миллион адамға әсер ететін және елдегі мүйізді қабықты трансплантациялаудың жартысына жуығын құрайтын Фукс дистрофиясы сияқты басқа ауруларды емдеу үшін қолданылуы мүмкін деп санайды.

Көзінің көруі қалпына келген Антонио көптен бері жасағысы келген кәдімгі жасөспірімдер ойынын ойнағанды ұнатады, достарымен қосылып видеоойындар ойнайды. Соныен қатар ол серуендеу кезінде өзін қауіпсіз сезінетін болды.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×