Now Reading
Қостанай облысының полицейлері түтін басқан пәтерден мүгедектігі бар азаматты құтқарды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қостанай облысының полицейлері түтін басқан пәтерден мүгедектігі бар азаматты құтқарды

Қостанай облысының полицейлері түтін басқан пәтерден мүгедектігі бар азаматты құтқарды

25 шілде күні полицияға Тобыл қаласында екі қабатты үйде орналасқан пәтерде қатты түтін шыққаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Оқиға орнына дереу учаскелік полиция инспекторлары Тамерлан Ерденов пен Глеб Лобазов келген.

«Біз жағдайды бірден шамаладық. Екінші қабаттың балконында өз бетімен қозғала алмайтын мүгедектігі бар адам болған. Көз аштырмайтын түтінге қарамастан пәтерге көтеріліп, ер адамды көтеріп алып шықтым», — деді Ерденов.

Түтіннің шығуына құтқарылған азаматтың пәтеріндегі газ плитасының үстінде қалып қойған таба себебі себеп болған. Глеб Лобазов сол кезде үйдің басқа тұрғындарын эвакуациялау шараларын жүзеге асырған. Көп ұзамай түтін жойылды.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...