Now Reading
Қарағандыдағы әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы баланың анасы мүгедектігі бар ұлын соққыға жыққанын мәлімдеді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қарағандыдағы әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы баланың анасы мүгедектігі бар ұлын соққыға жыққанын мәлімдеді

Қарағандыдағы әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы баланың анасы мүгедектігі бар ұлын соққыға жыққанын мәлімдеді

Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына келген балалардың бірінің ата-анасы атышулы оқиғадан бір ай бұрын осы мекемеде ұлының соққыға жығылғанын хабарлады. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Әлеуметтік желіде Қарағанды облысындағы Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына баратын бірнеше бала улану белгілерімен жансақтау бөліміне түскен және жақында бір бала қайтыс болған орталыққа баратын балалардың бірінің анасының шағымы жазылған видео пайда болды. Мүгедектігі бар баланың анасы осы оқиғадан бір ай бұрын орталықта ұлын ұрып-соғып, нәтижемінде мұрны сынғанын мәлімдеді. Ол құқық қорғау органдарына арыз жазған.

«Менің арызым қабылданды, бірақ қылмыстық істің тіркелгені туралы хабарлама алған жоқпын. Ата-аналар орталық ғимаратына кіргізбейді. Біз уақытты әкімшілікпен алдын ала келісуіміз керек және баламен тек бір бөлмеде кездесуге рұқсат аламыз. Мен асханаға кіргізуді, балаларға берілетін тағамнан дәм татуды, ұйықтайтын төсек-орындарын көруді бірнеше рет өтінген едім, бірақ бізге рұқсат берілмеді», — дейді Мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығында жатқан баланың анасы Ақгүл Жүнісова.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Ағымдағы жылдың 22 маусымында таңғы сағат 7:00 шамасында Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалар арасында жанжал болған. Анасы БАҚ-қа үндеу жасаған бала келесі бір баланың бірін басымен ұрған. Ол бала бетке ұрып жауап берген. Мұғалімдер, әрине балаларды ажыратып алған. Осыдан кейін баланың анасына бұл жағдай туралы хабарланған. Орталықтың медицина қызметкерлері зардап шеккен баланы Х.Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханаға апарып тексерткен. Дәрігерлер мұрынның жабық сынуы деген диагноз қояды. Баланы ауруханаға жатқызбай тиісті емдеу шаралары ұсынылды.

Бала бұл емді орталықта алып қойған. Бұл оқиғадан хабардар болған ана сол күні тәртіп сақшыларымен орталыққа келген. Оқиға ойынша бейнебақылау камераларындағы барлық жазбаларды мекеме әкімшілігі ұсынған болатын. Бұл оқиға орталықтың бейнебақылау камераларына жазылып қалған», — деп түсіндірді ЖҚҮӘББ бөлімінің басшысы Ерсін Сәкен.

Сондай-ақ департамент баланың анасы медициналық қызметкерлерге шағымы жоқ деп қолхат жазғандықтан, полицияның іс қозғамағанын хабарлады.

Еске салайық 30 шілдеде Қарағанды облысындағы балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында бірнеше бала уланып, олардың біреуі қайтыс болды, алтауы жансақтау бөлімінде жатыр.

Бас прокуратура уәкілетті мемлекеттік органдар мен аумақтық прокурорларға еліміздегі мұндай мекемелерді кешенді тексеруді ұйымдастыруды тапсырды.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, ішек инфекциясына жүргізілген талдаулар теріс нәтиже берген. Қарағандыда балалардың улануының шынайы себебі әлі анықталуда.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×