Now Reading
Лагерьге тәлімгерлерімен аттанған 13 жасар бала Атырау-Астрахань пойызында қайтыс болды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Лагерьге тәлімгерлерімен аттанған 13 жасар бала Атырау-Астрахань пойызында қайтыс болды

Лагерьге тәлімгерлерімен аттанған 13 жасар бала Атырау-Астрахань пойызында қайтыс болды

Лагерьге тәлімгерлерімен бірге аттанған 13 жастағы бала «Атырау-Астрахань» пойызында қайтыс болды, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» АҚ (ҚТЖ) баспасөз қызметі.

«7 тамыз күні №625 «Атырау-Астрахань» пойызында 2010 жылы туған бала қайтыс болды. Бала лагерьге балалар тобымен құрамында төрт тәлімгерлерімен бірге аттанған болатын. Топтың өздерімен бірге ала шыққан өз тамақтары болған. Жолға шыққаннан кейін 1,5 сағаттан соң бала өзін нашар сезінген. Пойыз бригадасы нұсқау бойынша әрекет еткен, жедел жәрдем шақырылған, жедел жәрдем Нарын станциясына келген. Келіп жеткен жедел жәрдем қызметкерлері баланың қайтыс болғанын хабарлады», — делінген дүйсенбі күні таратқан хабарламада.

 «Бала өлімінің себептері сараптамадан кейін белгілі болады».

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...