Now Reading
Балалардың жаппай улануы: полицияға мұқият тексеру жүргізу тапсырылды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Балалардың жаппай улануы: полицияға мұқият тексеру жүргізу тапсырылды

Балалардың жаппай улануы: полицияға мұқият тексеру жүргізу тапсырылды

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қарағанды ​​облысындағы балалардың жаппай улануына қатысты бірқатар тапсырма айтты.

 

«Ажар Ғиниятқызы, сізден барлық қажетті медициналық көмекті көрсетуіңізді және шығарылғаннан кейін де балалардың жағдайын ерекше бақылауда ұстауыңызды сұраймын. Әкімдіктер интернаттарда, медициналық-әлеуметтік мекемелерде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бақылауды күшейтуі қажет. Ішкі істер министрлігі болған оқиғаның нақты себептері мен кінәлілерді анықтау үшін жедел-тергеу шараларын мұқият жүргізуі тиіс», — деді Әлихан Смайылов үкімет отырысында.

 

Еске салайық, Қарағанды ​​облысындағы балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалардың жаппай улануы орын алған болатын. Бір бала қайтыс болды, алты бала жансақтау бөлімінде жатыр.

 

30 шілдеде Орталықтың екі баласы өзін нашар сезінді. Оларда құсу және сұйық нәжіс болды. 31 шілдеде осы мекемеден тағы 10 бала осындай белгілермен ауруханаға түскен.

 

«Дәрігерлер қанша тырысқанымен, бір баланы аман алып қалу мүмкін болмады. Алты бала жансақтау бөлімінде жатыр. Қалғандары дәрігерлердің бақылауында», — деп хабарлады Қарағанды ​​облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 

Ауруханаға облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев келді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығы мен емделуші дәрігерлердің қатысуымен жедел кеңес өткізді. Оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Қылмыстық іс қозғалып, Қарағанды ​​облысының арнайы прокурорлар басқармасына жіберілді.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×