Now Reading
Рудныйда студенттердің жаппай улануы бойынша кінәлі тұлға сотталды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Рудныйда студенттердің жаппай улануы бойынша кінәлі тұлға сотталды

Рудныйда студенттердің жаппай улануы бойынша кінәлі тұлға сотталды

Рудный соты Рудный тау-кен технологиялық колледжінің асханасында студенттердің жаппай улану дерегі бойынша үкім шығарды, — деп хабарлайды «Қостанай жаңалықтары» басылымы.

Студенттердің улану дерегі бойынша прокуратураның қадағалауымен тексеру жүргізілді. Тергеу барысында анықталғандай, колледжде асхананы жалға алған «S-Salta» ЖШС басшысы өз міндеттемелерін елемей, санитарлық талаптарды бұзған, салдары жаппай улануға алып келген. Сондай-ақ полицейлер әйелдің медициналық тексеруден өту туралы жалған құжаттарды, яғни медициналық кітапшаларды пайдаланғанын анықтады. Рудный прокуратурасы қылмыстық істі сотқа жіберіп, мемлекеттік айыптауды қолдады.

7 тамызда сот үкімімен әйел жалған құжат пайдаланғаны және санитарлық ережелерді бұзғаны үшін кінәлі деп танылды. Ол үш жыл мерзімге белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым салу екі жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...