Now Reading
Қазақстан Республикасының параспортшысы Токиодағы мүгедектігі бар азаматтарға арналған арбадағы бишілердің үздік үштігіне енді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстан Республикасының параспортшысы Токиодағы мүгедектігі бар азаматтарға арналған арбадағы бишілердің үздік үштігіне енді

Қазақстан Республикасының параспортшысы Токиодағы мүгедектігі бар азаматтарға арналған арбадағы бишілердің үздік үштігіне енді

Саран қаласының тұрғыны Айгүл Балмағамбетова Жапонияда өткен халықаралық параби турнирінің қола жүлдегері атанды.

Қыздың қабілетін Қарағанды облысының заманауи және спорттық би федерациясының жаттықтырушылары байқап, оны дамытуға кіріскен. Бүгінде Айгүл еліміздің параби федерациясының атынан жарыстарға  қатысады.

Спортшының жеке тәлімгері Күлшім Аталықованың айтуынша, оның шәкірті бірнеше жылдан бері халықаралық турнирлерде үздік үштіктен көрініп келеді.

«Айгүл Балмағамбетова Малефисента бейнесінде қойылым ұсынған. Бұл бағдарламаны Италияда 2021 жылы парабиден өткен әлем кубогы кезінде көрермендер мен төрешілер көрген. Сол жарыста бұл қойылым үшінші орын алған болатын. Осы  жолы да қойылым сол орынға ілікті. Айгүлмен екінші жаттықтырушы ретінде Марина Саватеева жұмыс істейді. Қараша айында өтетін әлем чемпионатына жолдама жеңіп алған биші қызымыз алдағы уақытта да өз шеберлігімен талай шыңды бағындыратынына сенімдіміз», — деді жаттықтырушы.

Бимен айналысқан жылдар ішінде Айгүл бірнеше рет шетелдегі жарыстарға қатысты. Атап айтқанда, Болгария, Германия, Италия, Ресей және Словакия елдерінің би алаңында өнер көрсетті.

32 жастағы Айгүл Балмағамбетова Саран қаласындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 12 жылдан бері тұрады.

«Саран» әлеуметтік мекемесінде 555 мүгедектігі бар жан тұрады. Олардың барлығы 18 жастан асқан, жүйке-психикалық аурулары бар.

Жаттықтырушылар тәрбиеленушілермен түрлі спорт түрлері бойынша жұмыс жасайтындықтан, олар тек Қазақстанда ғана емес, шетелде өтетін жарыстарға да үнемі қатысып отырады. Маусым айында волейбол командасы Берлинде өткен арнайы ойындарда төртінші орынға ие болды.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×