Now Reading
Алматыда «Маугли» балалардың анасы ата-ана құқығынан айырылады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Алматыда «Маугли» балалардың анасы ата-ана құқығынан айырылады

Алматыда «Маугли» балалардың анасы ата-ана құқығынан айырылады

Балалар қиын өмірлік жағдайға тап болғандарға көмек көрсететін қолдау орталығына жеткізілді, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Медеу аудандық ІІБ ювеналды полиция бөлімінің инспекторы бірнеше күн бойы дабыл қағып, 1982 жылы туған азамат Х.-ның отбасын тексеруге әрекеттенген. Отбасы әлеуметтік осал отбасы ретінде полицияда есепте тұр.

«Біз бұл отбасын биылғы жылдың мамыр айында тіркедік, отбасы Павлодардан келген. Тексеру кезінде әйел байланысқа шығуға құлықсыз болды. Кезекті тексеру кезінде 8 тамыз күні бірдеңе дұрыс емес екенін сездім: үйде дыбыстар естіліп жатты, бірақ есікті ешкім ашпады. Менің дабылым бойынша оқиға орнына учаскелік учаскелік инспектор, Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері және қорғаншылық өкілдері тартылды. Есікті күштеп аштық. Әйел үйде орташа дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғаны сараптамамен расталды. Балалар 2016 жылы туған қыз бала, 2018 жылы туған ұл және 2020 жылы туған тағы бір ұл балаға күтім жасалмаған. Үй антисанитариялық жағдайда болды. Балалар бірден өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға қолдау көрсету орталығына жеткізілді», — деп егжей-тегжейлі айтып берді Медеу аудандық ОҚБК-нің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспектор Айжан Бутабаева.

Медеу аудандық ІІБ басшылығының айтуынша, іс материалдары жинақталып, әйелді одан әрі ата-ана құқығынан айыру үшін 18 тамызда кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау комиссиясының қарауына жіберілетін болады.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×