Now Reading
Спорт күні: Астана қаласының параспортшылары марапатталды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Спорт күні: Астана қаласының параспортшылары марапатталды

Спорт күні: Астана қаласының параспортшылары марапатталды

Астанада кәсіби мерекелеріне орай параспортшыларды марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Спорт күні кәсіби мерекесіне арналған іс-шараға Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Бәйкен, қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, спорт түрлерінен халықаралық дәрежедегі паражүзу спортының шебері Сиязбек Далиев қатысты.

«Құрметті спортшылар, жаттықтырушылар, спорт саласына үлкен үлес қосып жүрген жанашыр жандар! Сіздердің арқаларыңызда Көк Туымыз әлемнің басқа елдерінде желбіреп, Әнұранымыз шырқалып жатыр.

Еліміздің түкпір-түкпірінде спортты дамыту бағытында қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда астаналықтардың 37 пайызы дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысады. Бұл көрсеткіш жыл сайын өсіп келеді. Ал 18 мыңнан астам спортшы (2 мың ересек, 16 мың жасөспірім) кәсіби түрде спортпен айналысуда.

Соңғы жылдары параспортымыз да өркендеп келеді.

Мәселен Токио Олимпиадасында спортшыларымыз 8 қола медаль жеңіп алса, Паралимпиадалық спортшылар Паралимпиада ойындарында әнұранымызды бірнеше рет шырқатты.

Сондықтан бұл бағыттағы жұмысымызды жандандыруымыз керек», – деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Бәйкен.

Ол өз сөзінде Астанада спортпен айналысуға мүмкіндік беретін 1000-нан астам спорт нысандары бар екенін, 35 спорт сарайында бір емес, бірнеше спорт түрімен айналысуға болатынын атап өтті.

Жақын арада елордада «Қазақстан» спорт кешенінде церебральды сал ауруына шалдыққан балаларға арналған арнайы жүзу бассейні іске қосылмақ. «Қазанат» ипподромында мүмкіндігі шектеулі жандарға иппотерапия алу мүмкіндігі бар.

Шара аясында Астана қаласындағы мүгедектігі бар жандарға арналған спорт мектебінің балалар мен жасөспірімдер спортының меңгерушісі Азамат Тағаев мектептің бірінші жартыжылдықтағы есебін ұсынды.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×