3 жыл ішінде Қазақстанда спортпен және дене шынықтырумен айналысатын ерекше қажеттіліктері бар адамдардың саны 25,3%-ға өсті. 2020 жылы олардың саны 38 352 болса, 2023 жылдың басында бұл көрсеткіш 51 325 адамға өсті.
Спортпен шұғылданатын ерекше қажеттіліктері бар адамдардың көпшілігі Қостанай облысында – 5687 адам. Одан кейінгі орында Шығыс Қазақстан облысы (4997 адам) және Астана қаласы (4514 адам). Түркістан (4298 адам) және Жамбыл (4057 адам) облыстарында дене шынықтырумен айналысатын азаматтардың саны көп.
Бөлімшедн ең қарқынды өсім елордада тіркелгенін атап өтті: 3 жыл ішінде спортпен шұғылданатын ерекше қажеттіліктері бар адамдардың саны 3232 адамға өсті. Екінші орында тағы да Шығыс Қазақстан облысы (+1585 адам), үшінші орында Қостанай облысы (+1295 адам). Жамбыл облысында өсім 668 адамды, Түркістан облысында 659 адамды құрады.
«Ерекше қажеттіліктері бар адамдардың дене шынықтыруына жағдай жасамайынша бұқаралық спортты дамыту мүмкін емес. Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған 15 спорт клубы мен 3 мектеп, сондай-ақ Алматы облысында спортты дамыту бойынша 1 дирекция жұмыс істейді. Біз спорт инфрақұрылымын қолжетімді етуді көздеп отырмыз, сондықтан еліміздің әр өңірінде 113 жаңа нысанның құрылысы жүргізілуде», — деді Мәдениет және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек.