Елорда әкімдігінің қолдауымен Астанада мектеп жәрмеңкесін өткізуге қосымша орын ашылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Шара 25-27 тамыз аралығында Алаш тас жолы 31/1а мекенжайы бойынша өтеді.
Елорда тұрғындары бұл мүмкіндікті пайдаланып, мектеп формасы мен кеңсе тауарларын қолжетімді бағамен сатып ала алады. Ұйымдастырушылар тауар бағасының нарықтық бағадан төмен болуына, ұсынылатын өнімдердің ассортименті сан алуан болатынына кепілдік береді. Ыңғайлы сауданы қамтамасыз ету үшін 20-дан астам сауда нүктелері ашылады.
Мектеп жәрмеңкесі үш күн бойы сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін жалғасады.
Барлық Астана тұрғындары мен қонақтарын мектеп жәрмеңкесінің тағы бір нүктесіне барып, бәсекеге қабілетті бағамен мектеп тауарларын сатып алу мүмкіндігін пайдалануға шақырамыз.
Еске салайық, ағымдағы жылдың 12 тамызынан бастап елордада мектеп жәрмеңкелері жұмыс істей бастады. Оларға әр сенбі және жексенбі күндері айдың соңына дейін сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін баруға болады.
Олар келесі орындарда орналасқан:
1) Нұра ауданындағы цирктің тұрағы;
2) «Аймақтау» сауда үйінің тұрағы, Байқоңыр ауданындағы «Тұлпар» сауда үйінің алдында;
3) Сарыарқа ауданындағы «Демалыс» саяжолы, Қосшығұлұлы көшесі, 14;
4) Есіл ауданындағы Ботаникалық бақтың тұрағы;
5) Алматы облысы Абылай хан даңғылы, 20А.