Now Reading
Атырау облысында 192 отбасыға пәтер кілттері табыс етілді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Атырау облысында 192 отбасыға пәтер кілттері табыс етілді

Атырау облысында 192 отбасыға пәтер кілттері табыс етілді

Индербор кентінің «Көктем» шағын ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған 48 пәтерлі 4 тұрғын үйдің тұрғындарына пәтер кілттері табыс етілді, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Мерекелік шара барысында аудан әкімінің орынбасары Әсет Оразғалиев ауыл тұрғындарын қоныс тойларымен құттықтап, пәтер кілттерін табыс етті.

Мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған пәтерлерді 192 отбасы алды, оның ішінде 106 көп балалы отбасы, 69 халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері және 17 ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.

Айта кету керек, Индер ауданындағы халық саны 32 мыңнан асады, оның ішінде 19 мыңнан астам адам Индербор ауылында тұрады.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...