Now Reading
Қазақстанда колледж студенттерінің шәкіртақысы 100 пайызға дейін көтеріледі
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанда колледж студенттерінің шәкіртақысы 100 пайызға дейін көтеріледі

Қазақстанда колледж студенттерінің шәкіртақысы 100 пайызға дейін көтеріледі

Қазақстанда колледж студенттерінің шәкіртақысы 50%-ға өсті, деп хабарлайды ҚР Білім министрлігінің баспасөз қызметі. 

«Жаңа оқу жылын 190 мың колледж студенті бастап жатыр, оның 133 мыңы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын болады. Кәсіпорындардың сұранысы бойынша – 10 мың студент білім алуда. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биылғы жылы мемлекеттік білім беру тапсырысы 50 мың орынға ұлғайтылды. Квота санаты бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 75 мың студенті оқиды. Айта кету керек, мемлекеттік тапсырыс техникалық мамандықтарға қайта бағытталды. Олардың қатарында геология, энергетика, металлургия және машина жасау, көлік, IT, құрылыс, педагогика және медицина сияқты салалар бар. Колледж студенттерін ынталандыру мақсатында 2023 жылдың қыркүйегінен бастап шәкіртақыны кезең-кезеңімен ұлғайту қарастырылған: 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 50%-ға, 2024 жылы 100%-ға дейін ұлғайту көзделген», — деп хабарлады Білім министрлігі.

Ведомствоның хабарлауынша, мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын студенттерге әлеуметтік қолдау – шәкіртақы, тамақ және жолақы беріледі. Сондай-ақ жаңа оқу жылында колледж студенттері үшін 2,5 мың орындық 13 жаңа жатақхана ашылады.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
97
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.