Now Reading
Есту қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы күрестен әлем чемпионатында қазақстандықтар жеңіске жетті
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Есту қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы күрестен әлем чемпионатында қазақстандықтар жеңіске жетті

Есту қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы күрестен әлем чемпионатында қазақстандықтар жеңіске жетті

Есту қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы күрестен әлем чемпионатында қазақстандықтар жеңіске жетті, деп хабарлайды спорт және дене шынықтыру істері комитеті.

Бішкек қаласында есту қабілеті бұзылған кадеттер арасында грек-рим күресінен өткен әлем чемпионатында қазақ балуандары үш алтын, екі күміс және бір қола медаль жеңіп алды.

• Бірінші орын – Сейіткерім Дамир (48 кг)

• Бірінші орын – Жолдақан Ерәулет (55 кг)

• Бірінші орын – Мұстафаұлы Жандос (60 кг)

• Екінші орын – Омар Жасұлан (65 келі)

• Екінші орын – Жылқышыбай Айқын (71 кг)

• Үшінші орын – Камидин Рүстем (51 келі).

Қазақстан құрамасы бірінші, Қырғызстан екінші, Армения үшінші орынды иеленді.

Есту қабілеті бұзылған кадеттер арасында грек-рим күресінен әлем чемпионаты 2-3 қыркүйек аралығында өтті. Жарысқа әлемнің 16 елінен 160-тан астам спортшы қатысты. Бішкек қаласындағы жастар мен ересектер арасында чемпионат 6 қыркүйекке дейін жалғасады, спортшылар 7-11 қыркүйек аралығында еркін күрестен сынға түседі.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...