Now Reading
Астанадағы жәрмеңкеге Қызылорда облысының шаруалары қандай өнімдер әкеледі?
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астанадағы жәрмеңкеге Қызылорда облысының шаруалары қандай өнімдер әкеледі?

Астанадағы жәрмеңкеге Қызылорда облысының шаруалары қандай өнімдер әкеледі?

Диқандар елордаға 450 тоннадан астам өнім әкелмек.

Осы аптада Қызылорда облысының диқандары Астанада өтетін ауыл шаруашылық жәрмеңкесінде өз өнімдерін ұсынады. Елорда әкімдігі жәрмеңкеде қандай өнімдерді сатып алуға болатынын атап өтті.

Өңір диқандары елордаға 450 тоннадан астам өнім әкеледі:

130 тоннадан астам күріш;

10 тонна ет;

шамамен 30 тонна балық;

30 тоннаға жуық көкөністер мен жемістер;

230 тонна қауын;

3 тонна тұз;

10 тонна сүт өнімдері;

5 тонна кондитерлік және басқа да тауар түрлері.

Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер тауарларының жәрмеңкесі 16 және 17 қыркүйек күндері сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейді.

«Жәрмеңке қонақтарына Қызылорда облысының мәдениет қайраткерлерінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылады», — деп хабарлады әкімдік.

Жәрмеңке Тәуелсіздік даңғылы 50, ҚазҰУИ алдындағы алаң («Шабыт») мекенжайында ұйымдастырылады.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...