Now Reading
Алматылық мектеп оқушылары ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған қосымша әзірледі
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Алматылық мектеп оқушылары ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған қосымша әзірледі

Алматылық мектеп оқушылары ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған қосымша әзірледі

Алматы қаласындағы NIS ФМҒ студенттері аутизм спектрі бұзылған адамдардың эмоционалдық интеллектінің дамуына ықпал ететін «Drive Beyond» қосымшасын жасады. Бұл қосымша қазірдің өзінде бірқатар білім беру орталықтарында сәтті қолданылған және әсіресе 5 пен 13 жас аралығындағы балалар арасында айтарлықтай оң нәтиже көрсетіп отыр, деп хабарлайды Қ ҚР Білім министрлігі.

Drive Beyond қолданбасы — жеке тұлғаның мимикасын тани алатын бірегей жасанды интеллект.

«Біздің қосымшамыз жастар арасында әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың маңыздылығын тамаша көрсетеді. Әрбір адам осы технологияға қол жеткізуге және өзінің эмоционалдық қабілетін дамыту мүмкіндігіне лайық деп санаймыз», — деп бөлісті 12-сынып оқушысы Әлихан Сырғалиев.

Айтпақшы, мектеп оқушылары өздерінің өнімдерінің арқасында алғашқы табыстарына ие болды. Бүгінгі таңда қосымшаны Алматының бірқатар оңалту орталықтары белсенді пайдаланады. Енді ұжым жобаны одан әрі дамытуды, соның ішінде емдеу орталықтарына диагностикалық мүмкіндіктерді қосуды және оны басқа оқу орындарында қолдануды кеңейтуді жоспарлап отыр.

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...