Now Reading
Петропавлда жетім баланың пәтерін бұрынғы қамқоршысы заңсыз түрде жалға берген
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Петропавлда жетім баланың пәтерін бұрынғы қамқоршысы заңсыз түрде жалға берген

Петропавлда жетім баланың пәтерін бұрынғы қамқоршысы заңсыз түрде жалға берген

Петропавл тұрғыны балалар үйінің тәрбиеленушісін қамқорлыққа алып, жетім балаға тиесілі пәтерді жалға беретін. Содан кейін қамқоршы баланы балалар үйіне қайтарды, бірақ жетімнің тұрғын үйін жалға беруден пайда табуды тоқтатпады.

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары балалар үйлеріндегі заңнаманың сақталуын талдау барысында балалардың құқықтарының өрескел бұзылғанын анықтады. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Петропавл қаласының әкімдігі тағайындаған қорғаншы С., өз құқықтарын асыра пайдаланып, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің талаптарын бұза отырып, қорғаншылық және қамқоршылық органының рұқсатынсыз, ұзақ уақыт бойы жетім баланың пәтерін заңсыз жалға берген.Сонымен бірге ол баланы балалар үйіне қайтарып, қорғаншылық тоқтатылғаннан кейін де өзінің заңсыз әрекеттерін жалғастырған», — деп хабарлады облыстық прокуратура.

Прокурорлар баланың бұзылған барлық құқықтарын қалпына келтіру туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, департамент барлық кінәлілер мен қатысы бар лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту мәселесін көтерді.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...