Now Reading
Астанадағы зейнеткерлерге қандай әлеуметтік көмек көрсетіледі
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астанадағы зейнеткерлерге қандай әлеуметтік көмек көрсетіледі

Астанадағы зейнеткерлерге қандай әлеуметтік көмек көрсетіледі

Астанада бүгінде 120 мыңнан астам қария тұрады. Елордалық Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Мәлік қарияларға мемлекет тарапынан қандай әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетілетіні туралы айтты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Елордада 106 807 жасы бойынша зейнеткер, 13 074 еңбек өтілі (күзет органдары), 8 ҰОС ардагері және 1 427 тыл еңбеккері бар.

Астанадағы қарт зейнеткерлер жылына бір рет Қотыркөл көлінің жағасындағы Щучье-Боровск курорттық аймағында «Қарттар, мүгедектігі бар азаматтар және мүгедектігі бар балаларға арналған оңалту орталығы» РМК МКҚК шипажайлық емделуге бара алады. Жасы бойынша зейнеткерлерге жолдама құнының 25 пайызы (56 700 теңге), ең төменгі зейнетақы алушылар қатарынан зейнеткерлерге 18 пайызы немесе 40 824 теңге төленеді, соғыс ардагерлеріне, ҰОС ардагерлеріне теңестірілген адамдарға жолдама тегін беріледі. 

«Жыл сайын 3500-ден астам зейнеткер санаториялық-курорттық емделумен қамтылса, жыл басынан бері 3357 адам осы қызметті пайдалана алды, 2023 жылға арналған жоспар 4298 адам болатын. Ағымдағы жылы оңалту орталығы мен шипажайлық емделуге тіркеу жүргізілуде», — деді спикер.

Сондай-ақ 1 қазанда аталып өтілетін Қарттар күнінде жасы ұлғайған зейнеткерлерге 2,5 АЕК – 8 625 теңге көлемінде бір реттік ақшалай төлем беріледі.

Сонымен қатар екі жылда бір рет оларға тіс протездеу және санитарлық қызмет көрсетіледі. Рәсімдерге тіркеу есепті жылдың екінші тоқсанында жүргізіледі.

«Жергілікті пеш арқылы жылытуы бар жеке тұрғын үйлерде тұратын, оның меншік иелері (жалға алушылары) немесе меншік иесінің (жалға алушының) отбасы мүшелеріне, егер оларда және отбасы мүшелерінде отын болмаса, қатты отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсетіледі. Отбасының  басқа тұрғын үйі болмаса және жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен 4 (213 240 теңге) аспайтын болса, жылыту маусымына 16 айлық есептік көрсеткіш (55 200 теңге) мөлшерінде өтемақы төленеді. Газ қазандығын жүргізу және орнату шығындары өтеледі, бірақ 130 АЕК-тен (448 500 теңге) аспайды», — деп хабарлады тиісті ведомство өкілі.

Тұрғын үйі бар зейнеткерлер елордада тұрғын үй көмегін коммуналдық төлемдердің 2/3 бөлігі (норма шегінде) отбасының айлық жиынтық табысының 5 пайызынан асатын болса (төлемнің орташа мөлшері айына 25 мың теңгеге дейін) ала алады. Айта кетерлігі, барлық зейнеткерлерге қалалық жолаушылар көлігі бағыттарында тегін жүру қарастырылған.

Сонымен бірге 2022 жылдың қаңтарынан бастап елордада Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жұмыс істейді.

«Орталық қызметінің негізгі мақсаты – егде жастағы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жүйелі мәдени-демалыс шаралары үшін инфрақұрылым құру. Орталықта 27 түрлі бағытта сыныптар, секциялар ұйымдастырылып, спорт залы, компьютерлік сынып, вокалдық және шығармашылық шеберлік залымен жабдықталған, мәдени іс-шаралар тұрақты өткізіліп тұрады. Мемлекеттік және ағылшын тілі курстары белсенді түрде өтуде. Компьютерлік сауаттылық курстары, эмоционалды релаксация (сенсорлық кабинет), физиологиялық релаксация кабинеті ұйымдастырылып, Орталық қызметтерін алушылардың үлкен қызығушылығын тудырып отыр», — деді спикер.

Орталық бүгінде 7500-ден астам зейнеткерге қызмет көрсетеді. Орталықтың филиалдары қаланың төрт ауданында орналасқан.

Сондай-ақ қалада қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға сапалы қызмет көрсетудің толық кешенін көрсететін «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді.

Әлеуметтік қызмет мүгедектігі бар азаматтарға және зейнеткерлік жасқа толған, өзін-өзі күтуге қабілетсіз және денсаулығына байланысты стационарлық және үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді қажет ететін қарт адамдарға көрсетіледі.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×