Now Reading
ТүркПА бақылаушылары референдумда мүмкіндігі шектеулі жандарға жасалған жағдайды жоғары бағалады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > ТүркПА бақылаушылары референдумда мүмкіндігі шектеулі жандарға жасалған жағдайды жоғары бағалады

ТүркПА бақылаушылары референдумда мүмкіндігі шектеулі жандарға жасалған жағдайды жоғары бағалады

Түркітілдес елдерден келген халықаралық бақылаушылар референдум кезінде сайлау учаскелерінде заңбұзушылықтарды анықтаған жоқ.

Қазақстанда жалпыхалықтық референдум кезінде ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға барлық жағдай жасалды. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясында өткен брифингте Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) халықаралық бақылаушылар жетекшісі Шекер Режеп мәлімдеді.

Оның айтуынша, референдум өте сабырлы өткен, барлық сайлау учаскелерінде жұмыс жоғары деңгейде ұйымдастырылған.

«Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өз деңгейінде жүргізілді. Референдумның объективті, әділ, ашық өткенін, яғни осы қағидалардың барлығын ұстанғанын, Конституция аясында да өткенін және барлық талаптарға сай өткенін көріп отырмыз. Біз сондай-ақ пандустардың болуын және зағип азаматтардың дауыс беруі үшін жасалған жағдайды жоғары бағаладық», — деді ТүркПА байқаушылар жетекшісі.

Сондай-ақ ол барлық үдерістердің ашық екенін баса айтты. Шекер Режеп референдум өткізу жөніндегі орталық комиссияның жұмысы мен келесі сайлаудың да дәл осындай әділ әрі ашық форматта өтетініне сенім білдірді.

5 маусымда Қазақстанда ел Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өтті. Оларға сәйкес мемлекет басшысының өкілеттігі қысқартылды, парламент пен жергілікті өкілді органдардың рөлі айтарлықтай күшейтілуде, адам құқықтары саласы жүйелі түрде нығайтылуда, Конституциялық сот қайта құрылуда, өлім жазасын біржола жою бекітілді және елдің бірінші басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың мәртебесі туралы ережелер алынып тасталды.

Орталық референдум комиссиясының алдын ала мәліметі бойынша, Конституцияға өзгертулер енгізуге азаматтардың 77,18 пайызы дауыс беріп, 68,06 пайызы дауыс беруге келген. Дауыс берушілердің саны 50 пайыздан асып кеткендіктен, плебисцит жарамды деп танылды.

Негізгі заңға өзгертулер Қазақстан Республикасының 17 субъектісінің кемінде 12-сінде (14 облыс және республикалық маңызы бар үш қала – Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент) азаматтардың жартысынан астамы дауыс берілсе, қабылданды деп есептеледі.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×