Now Reading
Алматылық зейнеткерлер Қарттар күніне ешбір төлем алмаған
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Алматылық зейнеткерлер Қарттар күніне ешбір төлем алмаған

Алматылық зейнеткерлер Қарттар күніне ешбір төлем алмаған

Қалалық бюджет есебінен зейнеткерлерге 13 қызмет түрі көрсетіледі, деді қалалық ардагерлер кеңесінің басшысы.

Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ахан Бижанов қарттарға мереке күндері төленбеген төлемдерді қала билігі қандай көмекпен өтейтінін атап өтті.

Ол алматылық зейнеткерлерге қалалық бюджет есебінен қызметтің 13 түрі көрсетіліп жатқанын, мұнымен мақтана алатын облыс аз екенін баса айтты.

Ахан Бижановтың айтуынша, Жеңіс күні Алматыдағы ҰОС қатысушыларына 1,5 миллион теңге, ал кейбір санаттағы зейнеткерлерге 100 және 50 мың теңгеден жәрдемақы төленген. Осылайша алматылық 14 мың зейнеткерге 1 млрд теңге көлемінде біржолғы көмек көрсетілді.

Жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөрістің үш деңгейінен аспайтын зейнеткерлерге әр алты ай сайын 7 АЕК (24 150 теңге), яғни жылына 14 АЕК (48 300 теңге) көлемінде әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Сондай-ақ қарт адамдарға ыстық және суық су есептегіштерін орнату және ауыстыру шығындары әр есептегіш үшін 3,4 АЕК (11 730 теңге) көлемінде өтеледі. Сондай-ақ зейнеткерлерге газ жабдығын орнату шығындары өтеледі және санаториялық-курорттық емделуге жолдамалар беріледі.

Табысы кедейлік шегінен төмен немесе ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен мұқтаж зейнеткерлер атаулы материалдық көмек пен басқа да әлеуметтік қолдау түрлерін алады. Жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөрістің екі деңгейінен төмен зейнеткерлерге өмірлік қиын жағдай туындаған кезде 20 АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек көрсетіледі.

«Бұл шаралардың тізбесін түгел тізбей-ақ қояйын. Бірақ біз бұл жұмысты бір күн немесе бір ай ғана емес, жыл бойы жүргізіп келе жатқанымызды айтқым келеді. Жақын күндері әкімдік басшылығымен кездесу өткізіп, содан кейін бұл мәселені көтереміз деп ойлаймыз. Бұл жұмысты жыл бойына жоспарлы түрде жүргізіп жатқанымызды тағы бір мәрте атап өтейін», — деп түйіндеді сөзін Ахан Бижанов.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×