Now Reading
Қазақстанда сүт, сүзбе және ірімшік екі есе қымбаттауы мүмкін
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанда сүт, сүзбе және ірімшік екі есе қымбаттауы мүмкін

Қазақстанда сүт, сүзбе және ірімшік екі есе қымбаттауы мүмкін

Қазақстанда отандық сүт, ірімшік және сүзбе бағасы екі есе өсуі мүмкін. Мұндай болжамды Парламент Сенатының жалпы отырысында депутат Зәкіржан Күзиев айтты.

Сенатор бұл өнімдердің қымбаттау себебін Кеден одағының техникалық регламентіне енгізілген өзгерістермен түсіндірді.

Екі жылдан кейін Еуразиялық экономикалық комиссия шикі сүтке қойылатын талаптарды күшейтеді. Оны машинамен сауып, сауғаннан кейін салқындату цистерналарына жіберу керек. Бірақ біздің елімізде осы шикі сүттің 90 пайызын дерлік өндіретін шағын шаруа қожалықтарында мұндай техника жоқ.

Соның салдарынан ауыл тұрғындары табыссыз, сүт зауыттары шикізатсыз қалады. Қазірдің өзінде қазақстандық сөрелерді Ресейден әкелінетін өнімдер алып жатыр. Ал отандық сүт өңдейтін кәсіпорындар, әсіресе еліміздің солтүстік өңірлеріндегі өндірісті қысқартуға мәжбүр, деп атап өтті депутат.

Зәкіржан Күзиев көрші ел ауылшаруашылық өнімдерінің құны мен экспортқа тасымалдау шығындарын субсидиялайтынын қосты. Сенатор депутаттық сауалында үкіметке қазақстандық кәсіпкерлерге де осындай қолдау шараларын көрсетуді ұсынды.

Сенаторлар біздің ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеушілерді де қосылған құн салығынан босату керек деп есептейді.

«Шағын шаруашылықтардың 70%-ға жуығы зардап шегуі мүмкін. Шаруа қожалықтарымен ынтымақтаса отырып, мұны аймақтарда ұйымдастыруды ұсынып отырмыз. Екіншісі – бұл шаруашылықтар техникалық регламентке сәйкес келетін құрал-жабдықтарды сатып алуы үшін субсидия беру керек», — деп атап өтті депутат

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...