Now Reading
Қазақстан құрамасы робототехникадан әлем чемпионы атанды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстан құрамасы робототехникадан әлем чемпионы атанды

Қазақстан құрамасы робототехникадан әлем чемпионы атанды

Әлемдік рекорд жасаған Қазақстан құрамасы робототехникадан әлем чемпионы атанды, — деп хабарлайды Білім министрлігі.

Қазақстандық оқушылар Сингапурда өткен робототехникадан FIRST Global Challenge ірі чемпионатында рекордтық нәтижелерге қол жеткізді. Осы жеңісімен Қазақстан құрамасы өткен жылы Женевада қол жеткізген чемпиондық атағын тағы да растады.

Қазақстан құрама командасының құрамында Алматы қаласы ФМС НЗМ студенттері: Тұрғынбай Нұрислам, Жанзақов Нұрсұлтан, Гапонов Сергей, Шаймерденова Дәмелі және Көксал Иманәлі болды. Жаттықтырушылар: Бекзат Іңкәров пен Нұрдәулет Досмағамбет.

«Біз Сингапурға ұлттық кезеңде Қазақстанның түкпір-түкпірінен 200 оқушының арасынан іріктеліп алынған мықты команданы алып келдік. Біздің команда өткен жылы Женевадағы тарихи жеңісті қайталауды басты мақсат етті және олар тамаша жұмыс атқарды. Жарыс қорытындысы ұпай саны бойынша әлемдік рекорд орнаттық. Оның үстіне команда халықаралық ынтымақтастық үшін төрешілер марапаттарын алды, бұл біз үшін өте үлкен мақтаныш. Қазақстандағы робототехника жыл сайын халықаралық брендке айналып келеді», — дейді USTEM қоғамдық қорының жетекшісі Асылбек Мурзахметов.

FIRST Global Challenge – жыл сайын әртүрлі елдерде өтетін олимпиадалық стильдегі робототехникадан әлем чемпионаты. Биылғы чемпионатқа әлемнің 190-нан астам елі қатысты.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...