Now Reading
Қазақстандық спортшылар мен параспортшыларға Азия ойындарына бір компания киім тіккен
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстандық спортшылар мен параспортшыларға Азия ойындарына бір компания киім тіккен

Қазақстандық спортшылар мен параспортшыларға Азия ойындарына бір компания киім тіккен

Орталық коммуникалар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында қазақстандық спортшылардың Азия параойындарына арналған киімін Азия ойындарында отандық спортшыларға сапасы төмен киім тіккен өндіруші компания тіккені белгілі болды.

— Өздеріңіз білетіндей біз мемлекеттік сатып алуда Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтаймыз. Ұлттық құрама қазақстандық мазмұндағы тауарлармен қамтамасыз етілген. Біз барлық жабдықтар мен спорттық формаларды қазақстандық өндірушілерден сатып алуымыз керек. Бұл Қазақстанның жеңіл өнеркәсібін қолдау мақсатында жасалды», — деді Туризм және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Туризм және спорт вице-министрінің айтуынша, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұлттық құрамаларға арналған құрал-жабдықтар балама әдіспен бір көзден сатып алынады.

— Паралимпиада құрамалары үшін спорттық киімдер сол өндірушілерден сол әдістермен сатып алынды. Нақтырақ айтсақ бұл  «Zibroo» КазСпо-N Компания» ЖШС», — деп қосты Сәрсен Құранбек.

Осыған дейін Азия ойындарында Азиада-2022 жарысында төртінші орын алған қазақстандық жүйрік Алина Сарқұлова отандық спортшылардың құрал-жабдықтарының сапасыздығына шағымданған болатын.

Айта кетейік, IV Азия Параойындары 22-28 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтеді. Қытайға 131 қазақстандық спортшы аттанады.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...