Now Reading
Ақмарал Науатбек IV Азия Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Ақмарал Науатбек IV Азия Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды

Ақмарал Науатбек IV Азия Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды

Парадзюдодан өнер көрсеткен қазақстандық спортшы Ақмарал Науатбек Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында ұлттық құрамаға екінші алтынды әкелді деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Ақмарал Науатбек 48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетеді. Ол J2 сыныбында парадзюдодан алтын жеңіп алды. Финалдық белдесуде қазақстандық спортшы Қытай өкілі Ли Личинтен басым түсті.

«Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Ақмарал бар ерік-жігерін көрсетті. Мен оны шын жүректен құттықтаймын және адалдығы үшін алғыс айтамын», — деді Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев қазақ парадзюдошысының өнеріне қатысты.

Бұған дейін пауэрлифтингтен жұптық Давид Дегтярев Қазақстан құрамасына алғашқы алтынды әкелген болатын.

+1
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...