Now Reading
Ым тілінде қалай тапсырыс беруге болады: Ақтауда мүмкіндіктері шектеулі қызметкерлері бар дәмхана жұмыс істейді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Ым тілінде қалай тапсырыс беруге болады: Ақтауда мүмкіндіктері шектеулі қызметкерлері бар дәмхана жұмыс істейді

Ым тілінде қалай тапсырыс беруге болады: Ақтауда мүмкіндіктері шектеулі қызметкерлері бар дәмхана жұмыс істейді

Дәмхана жақында ашылды, бірақ соған қарамастан аз уақыт ішінде танымал болды. Мұнда 15 адам жұмыс істейді. Олардың 14-і даяшыдан бастап аспазға дейін есту қабілетінен айырылған.

Дәмхананы әлеуметтік кәсіпкер Бибігүл Рамазан ашқан. Бибігүл кезінде ауыл әйелдерінің кәсіп алып, жұмыс істеуіне көмектескен қоғамдық қорды басқарған. 

  «Мен Астанадағы форумдардың бірінде астаналық кәсіпкермен таныстым. Сол кісіден әлеуметтік кәсіпкерлік туралы бірінші рет естідім. Ол өзінің шеберханасында көзі нашар көретін адамдар жұмыс істейтінін айтты — олар себет тоқиды екен, ал АСД бар адамдар көлік жууда жұмыс істейді екен. Астанада 2018 жылы есту қабілеті нашар адамдар жұмыс істейтін дәмханада болдым. Содан бері менің ойымнан Ақтауда да дәл осындай дәмхана ашу туралы ой кетпей қойды. Өткен жылы мен қазір біз тұрған ғимарат бос екенін білдім. Ғимарат әкімдік теңгерімінде болатын. Әкімге жобамды айттым, әкім қолдады. Тек осы дәмхана ғана емес. Біздің қасымызда ерекше балаларға арналған оңалту орталығы ашылды, жақын арада жүріп-тұруы шектеулі адамдарға арналған бейімдеу орталығы ашылады. Алты айдың ішінде олар мұнда жөндеу жұмыстарын жүргізілді, сол кезеңде қаладағы көптеген құрылыс компаниялары қолдау көрсетті», — дейді Бибігүл Рамазан.

Сұлулық салондарының бірінде Бибігүл апа есту қабілеті нашар қызды кездестірді — ол сол жерде тазалықшы болып жұмыс істейді екен, бірден біздің кафеге жұмысқа орналасуды ұсынады.

  «Ол сурдоаудармашымен келді – мұндай жағдайлар үшін мамандар бөлінеді. Сөйлесе келе есту қабілеті нашар адамдар сөйлесетін чат бар екені анықталды. Сондықтан мен қызметкерлерді тез тауып алдым. Қазір кафеде 14 адам жұмыс істейді, олардың барлығы ым-ишарамен ғана тілдеседі. Еңбекақысын мемлекет төлейді, бірақ көзге түскендерге қосымша жалақы да береміз», – дейді әлеуметтік кәсіпкер.

Екі жігіт бариста болып дайындалды, ал наубайшыларды үйрету үшін кондитер де арнайы шақырылды. Сонымен қатар дәмханада есту қабілеті нашар даяшылар, жүргізушілер, әкімшілер, аспаздар, аспаздың көмекшілері жұмыс істейді. Барлық қызметкерлер 20 мен 30 жас аралығында. Басым көпшілігінің туылғаннан бастап есту қабілеті нашар.

 «Біреулерінің ата-анасы естиді, сөйлейді, ал кейбіреулерінің отбасы түгел саңырау және мылқау. Бала кезінде сырқаттан кейін естімей қалғандары бар», — деп түсіндіреді Бибігүл Рамазан.

26 жастағы Айнұр Зәкірдің есту қабілеті нашар. Ол кафеде әкімші болып жұмыс істейді, күйеуімен бірге бариста. Айнұрдың өзі Алматы қаласынан келген. Айнұрдың денсаулығына қарамастан екі мамандығы бар — ол SMM маманы және визажист.

«Мен залдың тазалығын қадағалаймын, сондай-ақ қандай өнімдер жеткіліксіз екенін қараймын, тізім жасап, жүргізушіге беремін және қоймада азық-түліктің бар-жоғын тексеремін. Маған мұнда жұмыс істеген ұнайды — жақсы команда бар. Денсаулықтары шектеулі адамдар жұмыс істей алатын осындай орындар ашылып жатқаны өте керемет», — дейді Айнұр Зәкір.

Станислав Гапановичтің оқиғасы ерекше. Ақтауда мұндай дәмхананың ашылғанын білгенде, мұнда бос орын қалмаған болатын. Сонда жігіт тегін жұмыс істеуді ұсынған. Оның жұмысқа деген құлшынысын көрген кафе әкімшілігі келісіп, Станиславты жұмысқа алады. Станиславтың әйелінің де есту қабілеті нашар, ерлі-зайыптылардың қызы бар, ол әлі кішкентай.

«Денсаулығы шектеулі адамдарға арналған орындар көп емес, таңдау өте аз, сондықтан мұндай дәмханалар жұмыс табуға, жаңа мамандық үйренуге және өмірден өз орнын табуға тамаша мүмкіндік», — деп атап өтті Станислав.

Бұл кафеге тапсырыс беру үшін ымдау тілін білудің қажеті жоқ. Келушілер мәзірден қажетті тағамдарды таңдайды, оларды даяшыға көрсетеді, ол оларды жазып алады және тапсырысты растау үшін келушілерге жазбаны көрсетеді.

«Бәрі жұмысқа келгенде, ұжымда біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін деген ұғым болған жоқ, бірақ біз тимбилдинг іс-шараларын өткіздік, туған күндерді бірге атап өттік, ымдау тілін өзіміз үйрендік, жалпы команданы біріктіру үшін бәрін жасадық. Бүгінгі таңда мен оларды мақтан тұтамын. Олар бір-бірін барынша қолдайды», — дейді Бибігүл Рамазан.

Қазіргі таңда Маңғыстау облысында есту қабілеті шектеулі 1120 адам тұрады. Бибігүл Рамазанның жаңа жоспарлары бар. Аймақтағы мұнай компанияларының бірінің қолдауымен есту қабілеті нашар әйелдер жұмыс істейтін тігін цехын ашуды жоспарлап отыр.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×