Now Reading
«Қарттар үйіне барғым келеді»: Алматы облысының қарт тұрғындары балаларына шағымданды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > «Қарттар үйіне барғым келеді»: Алматы облысының қарт тұрғындары балаларына шағымданды

«Қарттар үйіне барғым келеді»: Алматы облысының қарт тұрғындары балаларына шағымданды

Алматы облысының Жібек жолы ауылында зейнеткерлерді аштан қалдырып, зейнетақыларын алып қойып жатыр. Бұл туралы қарт ерлі-зайыптылардың көршілері хабарлады. Халық олардың балалары өздерін тастап, ата-анасын қарттар үйіне орналастыруға рұқсат бермей отыр деп отыр.

 

«Мен қарттар үйіне барғым келеді, біз 20 күн тамақ ішкен жоқпыз», — деді әйел.

 

Жантүршігерлік видеоны қарт адамдардың көршілері түсіріп алған. Олардың айтуынша, әйел мүгедектігі бар жандар арбасында әрең қозғалады, ал ер адам мүлдем төсекке таңылған.

 

«Сағат 7.30-дан бастап көршілеріміз айғайлап, көмек сұрай бастайды. Олар өте қиын жағдайда, тіпті өз беттерінше жуына алмайды. Біз ең жақын көршілерміз, қолдан келгенше көмектесеміз. Бірақ бізде де жұмыс бар, оларды үнемі қадағалай алмаймыз», – дейді Жібек жолы ауылының тұрғыны.

 

«Олардың ересек балалары бар. Бірақ олар келмейді, тек ата-анасының зейнетақысын алып кетеді, болды. Жағдай сұмдық, қалай көмектесерімізді білмейміз», – дейді Жібек жолы тұрғыны.

 

Жібек жолы ауылына зейнеткерлердің қандай жағдайда өмір сүріп жатқанын өз көздерімен көру үшін журналистер келді. Бірақ қарттардың балалары ата-анасын көруге рұқсат бермеді. Дегенмен, қарт ерлі-зайыптылардың ұлы әпкесі екеуі ата-анасына қарап, барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ететініне сендірді.

 

«Әпкем екеуміз үнемі қамқорлық жасаймыз. Атырауда жұмыс істегеніме 15 күн ғана болдым. Әпкем үйде қалды, далаға шығып кеткен кезде, көршілер бұл видеоны түсіріп алды. Бұл өтірік. Бейнежазбаны таратқаны үшін арыз жазамыз», — деді ұлы.

 

Мемлекеттік қызметкерлер өз кезегінде мұқтаж жандарға қолдан келген көмектер көрсетілді деп сендіреді.

 

«Көршілер келіп, ата-әже аштан екенін айтты. Азық-түлік көмегін ұйымдастырдық. Оларға апта сайын медбике келіп тұрады. Әзірге қолымыздан келетіні осы», – дейді Жібек жолы ауылдық округі әкімінің орынбасары Дәулетжан Деменбаев.

 

Әкім орынбасарының айтуынша, қария 31 қазанда әлсіреп, ауруханаға түскен. Әкімдіктегілер еңбекке жарамсыз зейнеткерлерді қарттар үйіне орналастыру балаларының келісімімен ғана мүмкін екенін түсіндірді. Балалары рұқсат беруден үзілді-кесілді бас тартып, қарттарға тиісті күтімді өздері қамтамасыз ететініне сендіреді.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×