Now Reading
Инклюзивті аула клубы ашылды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Инклюзивті аула клубы ашылды

Инклюзивті аула клубы ашылды

Астанадағы Есіл ауданының аумағында ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған «Түрлі – тең» атты инклюзивті аула клубы есігін айқара ашты. Оған ай сайын 300-ден астам бала қатыса алады.

 

Аула клубының ашылу салтанатына Есіл ауданының әкімі Асылбек Есенбаев, Respublica партиясының орталық аппараты басшысының орынбасары Игорь Копайлов, осы маңда тұратын балалар мен олардың ата-анасы қатысты.

 

Салтанатты іс-шара барысында алдымен сөз алған аудан әкімі күллі астаналықтарды Республика күні мерекесімен құттықтап, жиналғандарға амандық, елімізге тыныштық тіледі.

 

– Балалар – әрбір мемлекеттің болашағы. Біз бүгін Республика күні қарсаңында Есіл ауданында төртінші аула клубын ашып отырмыз. Аула клубтары – балаларды жақсы істерге бейімдеудің бірден-бір жолы, олармен тығыз қарым-қатынас орнату және дамыту үшін осындай орталықтардың маңызы зор. Біз ерекше білім беруді қажет ететін балаларға үлкен көңіл бөлеміз және мұндай бастамаларды әрдайым қолдаймыз, – деді Асылбек Есенбаев.

 

Балалар үшін клубта дойбы және шахмат үйірмелері жұмыс істейді. Алдағы уақытта ерекше қажеттіліктері бар балаларға физиотерапия кабинетін, бейнелеу өнері, домбыра тарту және робототехника үйірмелерін ашу, йога және дартс сабағын өткізу жоспарланып отыр.

 

– Respublica партиясы жұмысының негізгі бағытының бірі – білім беру және денсаулық сақтау саласындағы сапалы реформаларды жүзеге асырумен бірге, инклюзивті қоғамда балалардың қауіпсіздігі және олардың дамуы үшін тең мүмкіндіктер туғызуға атсалысу. Бүгінде Парламент Мәжілісіндегі партиялық фракция ерекше қажеттіліктері бар балаларға қатысты мәселелерді көтеріп, балалар мен жасөспірімдер арасында нашақорлық пен вейпингтің таралуына жол бермеу үшін күресуде. Мұндай үйірмелер балаларымыздың балалық шағын бақытты етуге көмектеседі, – деді Игорь Копайлов.

 

Жобаның идеялық дем берушісі, бастамашысы және ұйымдастырушысы – Мұхтар Баймағұлов. Есіл ауданының аумағында тұратын еңбек ардагері, инженер-құрылысшы, «Таң» татар-башқұрт мәдени орталығының вице-президенті болған Рафаил Аблаков клуб ұйымдастырушысына Абайдың қара сөздері жинағын сыйға тартты. Өскелең ұрпақ келешектің иесі екенін ескере келе, ол жалпыадамзаттық құндылықтарды бекітіп, дәріптеп, Қазақстанның гүлденуіне жастардың өз үлесін қосатынына сенім білдірді.

 

Жалпы Есіл ауданында барлығы 2 аула клубы жұмыс істейді, сонымен қатар, ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған 4 орталық бар. Олар жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмысты азайтуға, балалардың денсаулығын жақсартуға және олардың уақытын пайдалы өткізуге тікелей әсер етеді, сондай-ақ патриотизмнің дамуына ықпал етеді. Жыл сайын аула клубтарында халықтың әлеуметтік осал топтарынан, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан жүздеген бала тәрбиеленеді.

 

 

Источник: Astana-akshamy.kz

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×