Сырттай тәртіпте мүгедектікті анықтау туралы 57 мыңнан астам өтініш қаралды.
2023 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде Қазақстанның барлық өңірлерінен 57,5 мыңнан астам өтінім қаралды, бұл куәландырудан өткен мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 28,6% -құрайды.
2022 жылы сырттай куәландыру бойынша 57,1 мың өтініш қаралды, бұл тексеруден өткен мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 22,7% құрайды.
Бұрын хабарланғандай, Ұлттық Қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысында Мемлекет басшысы ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін барынша қолайлы жағдай жасауды, олардың билік органдары мен қағазбастылық арқылы айналымын, сондай-ақ қызмет көрсетушілер мен қызметтерді алушылар арасындағы байланыстарды жоюды тапсырған болатын.
Осы тапсырманы орындау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Денсаулық сақтау және цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен бірлесіп, Қазақстанның барлық 20 өңірінде пилоттық режимде медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша жоба іске асырылуда.
Мүгедектік тобын анықтау қызметтерін алу үшін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша емханаға барып, қажетті тексеруден өтуі қажет, қалғаны ақпараттық жүйелерді біріктіру есебінен оның қатысуынсыз өтеді.
Сырттай куәландыруға көшу:
* әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді жояды;
* медициналық-әлеуметтік сараптаманың сараптамалық шешімдерінің ашықтығын қамтамасыз етеді;
* үйден шықпай-ақ мүгедектікті анықтау және мүгедектігі бар жандарды әлеуметтік қорғау шараларын белгілеу бойынша қызметтерді алу мүмкіндігін береді;
* көрсетілетін қызметті алушы мен қызмет көрсетуші арасындағы тікелей байланысты болдырмайды, осылайша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.