Now Reading
Ғылыми-практикалық конференция: Елордада оңалту және курортологияны дамыту мәселелері талқылануда
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Ғылыми-практикалық конференция: Елордада оңалту және курортологияны дамыту мәселелері талқылануда

Ғылыми-практикалық конференция: Елордада оңалту және курортологияны дамыту мәселелері талқылануда

Елордада «Оңалту және курортологияның басым бағыттары» атты мерейтойлық Х республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өз жұмысын бастады. Екі күн бойы отандық және шетелдік сарапшылар проблемалық мәселелер мен мүгедектігі бар азаматтарды оңалтудың заманауи тәсілдерін талқылайды.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – ЕХӘҚМ) Әлеуметтік оңалту саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығымен және «Реабилитологтар мен курортологтар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп ұйымдастырды.

Конференцияға отандық және шетелдік ғалымдар, жетекші оңалту орталықтарының, санаториялық-курорттық мекемелердің мамандары, медициналық және мамандандырылған құрал-жабдықтарды өндірушілер, фармацевтикалық компаниялар, түрлі елдердің, соның ішінде Ұлыбритания, Германия, Ресейдің денсаулық сақтау мекемелерінің өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов жиынға қатысушыларды құттықтады. Ол медициналық, психологиялық, педагогикалық және әлеуметтік-экономикалық салалардағы оңалту мәселелерінде бірлескен күш-жігердің маңыздылығын атап өтті.

«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік оңалтуды қамтамасыз ету арқылы мүгедектігі бар азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту және оларды қоғамға интеграциялау бойынша жүйелі шаралар қабылдауда. Мәселен Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 12 әлеуметтік оңалту орталығы салынуда, еліміздің 8 облысында аутизм спектрі бұзылған және басқа да психикалық ауытқулары бар балаларға арналған күндізгі орталықтар ашылуда. Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды жоғары технологиялық оңалту құралдарымен қамтамасыз ететін «Мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оңалту» жобасы іске қосылуда. «Мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оңалту» жобасын іске асыру нәтижелері бойынша оңалту құралдарының жаңа түрлерін енгізу үшін техникалық оңалту құралдарының жіктеуішін қайта қарау жоспарлануда», — деді Ербол Оспанов.

Сонымен қатар вице-министрдің айтуынша, арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету және мүгедектігі бар азаматтарды оңалту үдерістерінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында цифрлық күнделік енгізіледі.

Конференцияның негізгі мәселелері: реабилитацияда жұмыс істеудің, мүгедектіктің және денсаулықтың халықаралық классификациясын қолдану; оңалтудағы инновациялық әдістер; неврологиялық мүгедектік аурулары және оларды емдеу тактикасы; адамның қызмет етуіндегі техникалық оңалту құралдарының рөлі және оларды таңдау.

Сондай-ақ шара аясында өңірлерден келген мамандар үшін шетелдік сарапшылардан білім беру семинарлары мен тренингтер өткізу жоспарлануда.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×