Now Reading
Балалардағы созылмалы ауруларды бақылау: Қазақстанда қалталық анықтамалық шығарылады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Балалардағы созылмалы ауруларды бақылау: Қазақстанда қалталық анықтамалық шығарылады

Балалардағы созылмалы ауруларды бақылау: Қазақстанда қалталық анықтамалық шығарылады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропадағы аймақтық бюросының көмегімен Қазақстанда балалар мен жасөспірімдерге алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету бойынша қалталық анықтамалық бейімделіп, басып шығарылады. Басылым балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына, жетілуіне және дамуына кешенді көзқарасты насихаттауға бағытталған. 

Нұсқаулық салауатты өмір салтын насихаттауға, аурулардың алдын алуға және ерте араласуға бағытталған. Сонымен қатар ол алғашқы медициналық-санитарлық көмек мамандарына арналған және емшек сүтімен емізу, қосымша тағамдарды енгізу, жас балалардың дамуын қолдау және жасөспірімдерді медициналық ақпаратпен қамтамасыз ету, қауіп-қатерді жою, факторлар және созылмалы ауруларды бақылау бойынша ұсыныстарды қамтиды. 

Денсаулық сақтау министрлігі қалталық анықтамалықтың елдік нұсқасын бейімдеу нәтижелерін біріктіру үшін педиатрия, неонатология, психикалық денсаулық және балалардың ерте дамуы саласындағы жетекші сарапшыларды анықтады. 

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Pocket Guide бағдарламасының қазақстандық нұсқасы жасалады. Министрліктің жұмыс тобы оқытуды және іске асырылу мониторингін жүргізе отырып, Қазақстанда алғашқы медициналық-санитарлық көмекті тәжірибеге енгізудің кезең-кезеңімен жоспарын әзірлейді.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
0
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.