Now Reading
Астанада ақыл-ойы бұзылған адамдар арасында үстел теннисінен турнир өтті
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астанада ақыл-ойы бұзылған адамдар арасында үстел теннисінен турнир өтті

Астанада ақыл-ойы бұзылған адамдар арасында үстел теннисінен турнир өтті

Паралимпиада оқу-жаттығу орталығында Тәуелсіздік күніне арналған ақыл-ойы бұзылған азаматтар арасында үстел паратеннисінен бірінші турнир өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Турнир халықаралық ITTF ережелері бойынша өтті, оған 7 адам қатысты. Турнирге қатысу мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі мен «Қамқор» КММ-де жергілікті іріктеу негізінде жүзеге асырылды.

Қатысушылар 2 топқа бөлінді. Топтарда 1-2 орын алған спортшылар жартылай финалдық ойындарда кездесті.

Турнирде бірінші орынды Данил Никитин, екінші орынды Станислав Сигарев, үшінші орынды Абылайхан Қайырбек иеленді.

«Турнир спортшылардың ойын дағдыларының жетістіктерін талдауға көмектесті, сонымен қатар ақыл-ойы бұзылған адамдар үшін үстел теннисі дағдыларын дамыту мақсатынде жүзеге асырылды. Федерация Қазақстан құрамасының мүшелерін жасақтау мақсатында турнирді тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр», — деді Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Мәдина Айтқалиева.

Жүлделі орындарға ие болған спортшылар дипломдармен, медальдармен (1, 2, 3 орын), сондай-ақ естелік кубоктармен марапатталды. Жүлделі орын алмаған қатысушылар қатысқаны үшін дипломдармен марапатталды.

Турнирді Астана қаласы әкімдігінің және «Caspian Sports Development» қоғамдық қорының, сондай-ақ QAZAQSTAN QYZMET CUP қолдауымен «Интеллектуалдық бұзылыстары бар тұлғалардың спорт федерациясы» РҚБ, «Ақыл-ойы бұзылған тұлғалардың елордалық федерациясы» үкіметтік емес ұйымымен бірлесіп ұйымдастырылды.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×