2023 жылы Алматы қаласын дамыту орталығының мемлекеттік органдардың, жұртшылықтың және бизнестің, қаланы дамытудың әртүрлі мәселелері бойынша бірлескен жұмысын талқылау, ортақ шешімдерді әзірлеу және бірлескен жұмысын күшейту жөніндегі қызметтері жеке қалалық «Платформа» жобасына бөлінді.
Ағымдағы жылдың 21 желтоқсанында «Платформа» жобасының аясында көппәтерлі тұрғын үйлердің жүріп-тұру мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімділігі мәселелері бойынша бірінші пікірталас өтті. Шараға қоғам, үкіметтік емес ұйымдар, бизнес және әкімдік өкілдері, соның ішінде Алматы қалалық мүгедектігі бар азаматтар қоғамы; «Кедергісіз KZ» мүгедектігі бар азаматтар қоғамы; «Жақсылық» мүгедектігі бар азаматтар қоғамы; Қазақстанның лифт операторларының ұлттық қауымдастығы; Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі және т.б.
Бүгінде Алматыда тұратын мыңнан астам адам арбамен қозғалады. Олардың кейбіреулері үшін арнайы көтергіштердің/пандустардың жоқтығынан немесе қолданыстағыларының дұрыс жұмыс істемеуінен жеке пәтерлерінен шығу қиынға соғады. Бұл шектеулер мүгедектігі бар азаматтардың тұрғын үйлерге кедергісіз қол жеткізу құқығын бұзады, сондай-ақ оларды тәуелсіз өмір салтын жүргізу және қоғамдық өмірдің әртүрлі аспектілеріне қатысу мүмкіндігінен айырады (Мүгедектігі бар азаматтар құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясы Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 20 ақпанда ратификациялаған).
Бүгінгі күні бұл мәселені ведомствоаралық үйлестірудің нақты тетігінің, қаржыландыру көздерінің және жүк көтергіш құрылғыларды орнатуға және одан әрі пайдалануға жауапты тұлғалардың болмауы тәрізді бірқатар себептерге байланысты қиынға соғуда.
«Платформа» жобасының тетігі азаматтардың, әкімдіктің, кәсіпкерлердің, сарапшылар қауымдастығының проблемаларды анықтауда, шешімдер қабылдауда, ресурстарды іздеу принципін анықтауда және ортақ мүдделер үшін жауапкершілікті бөлуде бірлесіп «қатысуды» білдіреді. Біз «Платформаның» бірінші талқылауын әкімдік қызметінің маңызды бағыттарының бірі – жүріп-тұруы шектеулі азаматтар үшін қолжетімді өмір сүру ортасын құруға арнадық. Әрқайсымыз үшін қолжетімділік тұрғын үйден, кіреберістен, ауладан басталады, одан кейін жол желісі, қоғамдық көлік және әлеуметтік инфрақұрылым болмақ. Сондықтан Платформа аясында біз бірінші кезекте уәкілетті органдар мен қаржыландыру көздерін ведомствоаралық үйлестіру тетігін көрсете отырып, тұрғын үйлерді бейімдеудің қалалық бағдарламасын құру туралы ұсыныс жасадық», — деді депутат Жанар Ғабдуллина. «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ басқарма төрағасы.
Атап айтқанда бағдарламаның әкімшісін және құрылғыларды орнату мерзімдерін, жүк көтергіш құрылғыларды орнатуға мүгедектігі бар азаматтардың өтініштерін қарайтын комиссиялардың жұмыс алгоритмін, қаражатты тарту арқылы жобаны ықтимал қаржыландыруды бизнес қауымдастығы мен жеке меценаттар тарапынан, сондай-ақ құрылғыларға техникалық қызмет көрсетуді аудан қала әкімдіктеріне беру шарттарын анықтау ұсынылды.
Отырыс қорытындысы бойынша Алматы қаласын дамыту орталығы барлық ұсыныстарды жинақтап, кейін қала әкімдігінің қарауына жолдады.
«Мен «Платформа» жобасы шынымен де жайлы, қауіпсіз қалалық ортаны дамыту және әрбір тұрғынның қолайлығы үшін қажетті жағдай жасау бойынша шешімдерді талқылау және нақты шешім шығарудың негізгі арналарының біріне айналғанын қалаймын, өйткені тек бірлескен күш-жігер ғана барлық мүдделі тараптарға синергетикалық әсер бере алады. ҚРҚК сарапшылары көпқабатты үйлерді лифттермен және пандустармен қамтамасыз етуді қаржыландыру және қамтамасыз ету тетігі бойынша өз ұсыныстарын айтты.
Кездесу барысында кәсіпкерлердің бірі, «Луч» ЖШС директоры Әлихан Айнашев ұсынылған тетіктің пилоттық нұсқасы ретінде Түрксіб ауданының тұрғынына арнап лифт орнатуды қаржыландыруды ұсынды», — деп бөлісті Алматы қаласы Қоғамдық кеңес мүшесі Богдан Джепка.