Үй иелері төтенше жағдай болған жерге құтқарушыларды шақырмаған.
Көкшетауда жеке үйдегі жылыту қазандығы жарылып, бала зардап шекті.
«16 ақпанда Көкшетауда жеке тұрғын үйде айналым сорғысының ақауы салдарынан қатты отынмен жанатын жылыту пешінің қазандығы жарылды, әрі қарай өртке ұласқан жоқ құрылымдық бұзылулар орын алған жоқ. Зардап шеккен бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді», — делінген ведомствоның хабарламасында.
Төтенше жағдайлар министрлігі үй қожайындары төтенше жағдай болған жерге өрт сөндіру қызметін шақырмағанын түсіндірді.