Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Азаматтарды қабылдау орталығында азаматтарды қабылдап, елдің әр өңірінен келген 4 адамның өтінішін қарады.
Қазақстандылықтар министрге атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және әртүрлі қолдау шараларын көрсету мәселелері бойынша жүгінді.
Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдаған Светлана Жақыпова оларға жан-жақты жауап берді. Қосымша уақытты қажет ететін мәселелерді министр жеке бақылауына алып, министрліктің тиісті департаменттеріне қолданыстағы заңнама аясында оларды шешуге жәрдемдесу жөнінде тапсырма берді.