Now Reading
Астанада тағы 4 мектепте және 3 шағын орталықта инклюзияны қолдау кабинеттері ашылды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астанада тағы 4 мектепте және 3 шағын орталықта инклюзияны қолдау кабинеттері ашылды

Астанада тағы 4 мектепте және 3 шағын орталықта инклюзияны қолдау кабинеттері ашылды

Астанада тағы 4 мектепте және 3 шағын орталықта инклюзияны қолдау кабинеттері ашылды

Балабақшалар мен мектептерде инклюзияны қолдау кабинеттерінің санын арттыруды жалғастырамыз. Мәселен, «Болашақ» қорымен бірлесіп, 8 балабақшада инклюзияны қолдау кабинетін ашып, жабдықтадық. Жуырда тағы 3 шағын орталықта ашамыз.

 

Негізгі уақытта балалар қатарластарымен бірге қарапайым топтарда болады және күніне бірнеше сағат инклюзияны қолдау кабинетінде мұғалім-ассистенттермен бірге оқиды. Кабинетте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтендіру, сөйлеу, коммуникативтік және тұрмыстық дағдыларды қалыптастыру жұмысы жүргізіледі.

 

№95 «Алматы» балабақшасындағы инклюзияны қолдау кабинетінің қызметімен таныстым. Ерекше балалардың ата-аналарымен, балалар инклюзиясы мәселелерімен айналысатын ҮЕҰ өкілдерімен спорттың қолжетімділігі, кәсіптік бағдарлау даярлығы, білім беру мекемелерінде инклюзияны қолдауға арналған қосымша кабинеттер ашу мәселелерін талқыладық, ынтымақтастықтың алдағы жоспарларын белгіледік.

Тәрбиешілер мен ата-аналардың айтуынша, инклюзияны қолдау кабинеттеріне барған балалар әлеуметтену және оқыту дағдыларын айтарлықтай жақсартты.

 

Мектептерде инклюзияны қолдау кабинеттерінің санын арттырамыз. Қазір 29 мектепте бар. Биыл тағы 4 мектепте ашуды жоспарлап отырмыз.

 

 

 

 

 

 

0
Tags :
No More Posts