Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның эстрада бөлімінің артист-солисі Алтыншаш Мұқатаева өнердегі нәзік жандылардың рөлі туралы ой білдірді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Өнер иесінің сөзінше, бүгінде осы салада еңбек етіп, шығармашылық жетістікке жетіп жүрген әйелдер өнердегі нәзік жандылардың рөлін одан сайын айқындата түсті.
«Өнер деген адамның жан-дүниесін нұрландыра түсіп, өміріне ізгілік шуағын шашады. Адам баласына өмірге деген құштарлық сезімі өнер арқылы келеді. Өнерлі жан өзіне ғана емес, өзгеге де бақыт сыйлай алады. Бүгінде жалпы әлемде өнер саласында әйелдердің рөлі айқындала түсті деп айта аламын. Оған түрлі шығармашылық жетістікке жетіп жүрген нәзік жандылардың қатары көбейіп келе жатқаны дәлел бола болады. Алайда, өнерде жетістікке жету бір бөлек, ал өнермен қоса отбасылық өмірді де қатар алып жүру көп жауапкершілікті талап етеді. Қазіргі таңда сахнада да, үйде де жарқырап жүрген арулар баршылық», — дейді ол.
Алтыншаш Мұқатаева қазіргі заман әйелдері білімді әрі жан-жақты болу керек деп тұжырымдайды.
Айта кетейік, Алтыншаш Мұқатаева 2019 жылдан бері Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония эстрада бөлімінің артист-солист маманы қызметін атқарады. Репертуарында шетел әндерінен бөлек, «Жүрегімде үміт барда», «Сезім шахары», «Тамшылар», «Туған жер ыстық әрқашан», «Бабалар аманаты», «Аймын мен», «Өкінбе сен», «Мен деп ойла» сынды көпшілік көкейінен орын алған тамаша әндері бар.