Түркістан облысы бойынша адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі бес баланың анасы болып табылатын және жүйелі түрде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған Жетісай ауданының тұрғынымен жеке кездесу өткізді.
Бұл туралы бүгін, 2024 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің сайтынан белгілі болды.
«Әйел өзінің және оның балаларының жүйелі түрде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккенін, олардың бір бөлмеде отыруға мәжбүр болғандарын, күйеуі банк картасын пайдалануға рұқсат бермегенін, барлық ақшаны ішімдікке жұмсағанын және балаларын ұрлауға мәжбүрлегенін айтты. Қазіргі уақытта әйел мен балалар «Көмек» дағдарыс орталығына орналастырылды», — делінген хабарламада.
Кездесу қорытындысы бойынша омбудсменнің өкілі аудандық және ауылдық әкімдіктердің, полицияның, Жетісай ауданының білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің қызметкерлерінің қатысуымен кеңес өткізді, оның барысында қатысушыларға нақты тапсырмалар берді және оларды айналасындағылардың мәселелеріне бей-жай қарамауға шақырды.
«Көп балалы отбасының қазіргі жағдайына мемлекеттік қызметкерлердің немқұрайлы қарауы және алдын алу шараларының болмауы себеп болды. Бұл ретте, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Түркістан облысы бойынша өкілі лауазымды тұлғалардың жіберілген бұзушылықтар үшін тәртіптік жауапкершілігін қарау туралы құзыретті органдарға ұсыныс жолдады».
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл
2024 жылғы 21 ақпанда Мәжіліс депутаттары палатаның жалпы отырысында педофилия мен балаларды өлтіргені үшін өмір бойына жазаны енгізетін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Мұндай нормалар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына енгізілген.