Now Reading
Алматыда мүгедектігі бар жандар арбасындағы теннистен алғашқы Қазақстан кубогы аяқталды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Алматыда мүгедектігі бар жандар арбасындағы теннистен алғашқы Қазақстан кубогы аяқталды

Алматыда мүгедектігі бар жандар арбасындағы теннистен алғашқы Қазақстан кубогы аяқталды

Еліміздің 6 облысынан келген 25-тен астам параспортшы түрлі номинациялар бойынша үздік атағы үшін бақ сынасты.

 

Жақында Қазақстанның параспортында арбадағы теннис пайда болды. Аз ғана уақыттың ішінде елімізде бірнеше елеулі шаралар өтті. Қазіргі Алматыда өтіп жатқан турнир ең ауқымдысы. Ойын ережелері үлкен теннистегідей. Негізгі айырмашылық, арбамен жүруден басқа, теннисшілерге алаңнан бірінші және екінші секіруден кейін допты ұруға рұқсат етіледі.

 

Ерлер арасындағы жекелей сында нәтиже бойынша бірінші және екінші орындарды қарағандылықтар Евгений Быков пен Федор Старыгин иеленді. Олар жұпта да көш бастады. Олардан ақтөбелік Дастан Неязов пен Евгений Богачев ұтылды.

 

Жарыс бірнеше санат бойынша өтті: ересектер арасындағы жұптық және жекелей сында ерлер мен әйелдер, сондай-ақ 16 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар.

 

Әйелдер арасында жекелей сында Қарағандыдан Жетпісова Айшуақ үздік атанды, одан Ақтөбеден Бердешева Айгүл жеңілді.

 

16 жасқа дейінгі ұлдар арасында алматылық Иван Соловьевті ұтқан ақтаулық Назар Трофимов мықты болды.

 

Қыздар арасында оралдық Альбина Бекжанова бірінші болса, астаналық Ақбота Рысбек күміске қол жеткізді.

 

Отандық мүгедектігі бар жандар арбасындағы теннис әлеміндегі алғашқы ірі оқиғаны Қазақстандағы ірі тау-кен металлургиялық компаниялардың бірі – Шығыс Қазақстан теннисінің бас демеушісі ретінде танымал «Қазмырыш» компаниясы қолдады.

 

«Үлкен теннис біздің елде Теннис федерациясының және қазақстандықтардың жетекші халықаралық жарыстардағы елеулі жеңістерінің арқасында тез танымал болып келеді», — деп түсіндірді Әкімшілік мәселелер жөніндегі атқарушы директор Андрей Лазарев. – Сондықтан біз оның инклюзивті бағытын дамытуға қуаныштымыз. Мұндай шаралар Қазақстан үшін жас спортты жаңа деңгейге көтеруге көмектеседі. Оның үстіне арбадағы теннис Паралимпиада ойындарына енгізілген. Жақында біз халықаралық аренада отандастарымызға жанкүйер болатынымызға шын жүректен сенемін».

 

Қазақстан кубогының қорытындысы бойынша халықаралық турнирлерге қатысатын ұлттық құрама құрылады.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×