Now Reading
Қазақстан алғаш рет арбадағы теннистен әлем чемпионатына қатыса алады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстан алғаш рет арбадағы теннистен әлем чемпионатына қатыса алады

Қазақстан алғаш рет арбадағы теннистен әлем чемпионатына қатыса алады

ҚР құрамасы іріктеуге қатысу үшін Таиландқа келді.

 

Қазақстан алғаш рет арбадағы теннистен әлем чемпионатына іріктеу кезеңіне қатысуда, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.

Азия аймағының біліктілік кезеңі бүгін Паттайяда басталды. Іріктеу кезеңінің жеңімпаздары BNP Paribas World Team Cup командалық турнирінде бақ сынайды.

«2022 жылы Қазақстан теннис федерациясы елімізде арбадағы теннис пен бейімделгіш теннисті насихаттау мен дамытуға бағыт алды. Қысқа уақыт ішінде біздің еліміздің атынан қатысатын ұлттық құрама құрылды», — деп атап өтті федерация.

Ерлер құрамасы:

Неязов Дастан (Ақтөбе);

Әлияқпаров Дінмұхамед (Астана);

Нұрлыбек Қайнар (Астана).

Әйелдер құрамасы:

 

Жетпісова Айшуақ (Қарағанды);

Бүтімбаева Айжан (Қарағанды);

Бердешева Айгүл (Ақтөбе).

 

Кеше, 13 наурызда жеребе тартылып, оның қорытындысы бойынша Қазақстан ерлер құрамасы Малайзия және Иракпен бірге «С» тобына енді. Әйелдер құрамасы Оңтүстік Корея, Таиланд және Үндістан құрамаларымен бақ сынайды.

 

 

 

 

 

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...