Now Reading
Астана мектептерінде бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау басталады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астана мектептерінде бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау басталады

Астана мектептерінде бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау басталады

Жаңа оқу жылында Астана бойынша бірінші сыныпқа 30 мыңнан астам бала барады деп жоспарлануда. Құжаттарды қабылдау 1 сәуірде басталады. Бұл туралы толығырақ Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев айтып берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

 

Астанада 261 000 оқушыны қамтитын 175 орта білім беру ұйымы жұмыс істейді. Оның ішінде 102 мемлекеттік, 66 жекеменшік, 7 республикалық мектеп бар.

 

«Өткен оқу жылында қала бойынша бірінші сыныпқа 28 мыңнан астам бала қабылданды. Биыл оқу жылында алдын ала деректер бойынша бірінші сыныпқа отыз мыңнан астам бала қабылданады деп жоспарлануда. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 (2024 жылғы 30 қаңтар) бұйрығымен енгізілген өзгерістерге сәйкес 1 сәуірден 31 тамызға дейін жалпы орта білім беретін мектептерге бірінші сыныпқа құжаттар қабылданатын болады. Білім беру ұйымдары бірінші сыныпқа алты жастан бастап балаларды және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын, даярлық деңгейіне қарамастан мектеп аумағында тұратын балаларды қабылдауды қамтамасыз етеді», — деді Қасымхан Сенғазыев.

 

Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден басқа барлық мектеп бірінші сыныпқа түсу емтихандарынсыз қабылданады.

 

Әр мектепте ата-аналарға көмек көрсету үшін бірінші сыныпқа балаларды қабылдау жөніндегі комиссия ұйымдастырылған.

 

Ата-аналар құжаттарды www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы, сондай-ақ қағаз бойынша тапсыра алады.

 

Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау кезінде мектептерге берілетін құжаттардың тізбесі:

 

— ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің өтініші;

— №065/у «профилактикалық егу картасы» нысанындағы және № 052-2/у «бала денсаулығының паспорты» нысанындағы медициналық анықтамалар;

— 3х4 баланың цифрлы фотосуреті.

 

Сондай-ақ, құжаттарды қағаз түрінде тапсырған кезде баланың ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжатты қосымша ұсыну қажет.

 

Құжаттар апта сайын дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.

 

Білім беру ұйымының міндетті құжаттар тізбесінде көрсетілмеген құжаттарды талап етуге құқығы жоқ.

 

Мамандырылған білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау конкурстық негізде жүргізіледі. Үміткерлердің өтініші үлгілік қағидаларға сәйкес күнтізбелік жылдың I ақпанынан 15 сәуіріне дейін қабылданады.

 

Аудандар бөлінісінде білім беру ұйымына қызмет көрсету аумағын бекіту туралы ақпарат Астана қаласы білім басқармасының ресми сайтында орналастырылған.

 

Сонымен қатар, қаланың білім басқармасы жанынан білім беру ұйымдарына қабылдау жұмыстарын үйлестіру бойынша штаб құрылды. Штабтың байланыс нөмірлері: 556870, 556881, 556887, 557462.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×