Now Reading
Астанада инклюзивті білім беру бойынша ресурстық орталық ашылды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астанада инклюзивті білім беру бойынша ресурстық орталық ашылды

Астанада инклюзивті білім беру бойынша ресурстық орталық ашылды

Астанада инклюзивті білім беру бойынша ресурстық орталық ашылды

Елорданың Ж.Тәшенев атындағы №10 мектеп базасында инклюзивті білім беру бойынша қалалық ресурстық орталық ашылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

 

Мекеменің міндеті – жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне қолдау көрсету және көру қабілеті бұзылған балаларды оқыту үшін тиісті жағдайлар жасау.

 

«Қазіргі уақытта мектепте көру қабілеті бұзылған 168 оқушы, оның ішінде 28 зағип. Ресурстық орталықтың мамандары елорданың жалпы білім беретін мектептеріне консультативтік және әдістемелік көмек көрсететін болады. Тифлопедагог, логопед, психолог және дефектолог сияқты арнайы педагогтар практикалық семинарлар, көшпелі консультациялар ұйымдастырады, сондай-ақ мектеп мұғалімдері үшін ақпараттық материал дайындайды», — деді №10 мектеп-гимназиясының директоры Бақытжан Орынбаев.

 

Өткен жылы Астанада 610 көру қабілеті нашар баланың және 27 зағип баланың ата-аналары мамандандырылған қызметке жүгінді, оның 419-ы мектеп жасында.

Инклюзия кабинеті 5 аймаққа бөлінген: әдістемелік бөлім, демалыс аймағы, логопед, дефектолог және баспахана. Мұнда арнайы жиһаз, оқу ойыншықтары, сенсорлық интеграциясы бар жұмсақ жастықтар, Брайль жүйесі бойынша оқуға, жазуға, басып шығаруға арналған тифлотехника бар.

 

«Бүгінгі іс-шара – маңызды, басты оқиға. Осы мектептің инклюзивті білім беруді дамыту моделі бойынша еліміздің 6 өңірінде осындай сыныптар ашылып жатыр. Мұндай орталықтарды барлық білім беру мекемелерінде ашу маңызды. Сонымен, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға жақын маңдағы мектептерде оқуға ыңғайлы болады», — деді «Дара» қорының өкілі Марал Шешембекова.

 

 

 

 

 

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×