Now Reading
Қолжетімділіктің жаңа деңгейі: мүгедектігі бар балалардың оқуына өтемақы қалай алуға болады?
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қолжетімділіктің жаңа деңгейі: мүгедектігі бар балалардың оқуына өтемақы қалай алуға болады?

Қолжетімділіктің жаңа деңгейі: мүгедектігі бар балалардың оқуына өтемақы қалай алуға болады?

Қолжетімділіктің жаңа деңгейі: мүгедектігі бар балалардың оқуына өтемақы қалай алуға болады?

 

Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша мемлекеттік қызмет проактивті форматта қолжетімді болды.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халыққа мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде «мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» қызметі үшін проактивті форматты іске асырды.

Жоғарыда аталған шығыс түрі бойынша өтемақы бала мемлекет тарапынан толық қамтамасыз етілмеген жағдайда, отбасының табысына қарамастан ата-ананың біріне беріледі.

Бұрын бұл мемлекеттік қызметті алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалына немесе eGov порталына барып өтініш жазу қажет болатын.

Енді мобильді азаматтар базасында телефон нөмірін тіркеген болсаңыз, көрсетілген әдістермен қатар 1414 нөмірінен бір ғана SMS-хабарламаға жауап беру арқылы қызметті ала аласыз.

Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен мүгедектігі бар баланы үйде оқыту туралы мәліметтер түскен кезде мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету процесі автоматты түрде басталады.

Келісім алғаннан кейін жүйе көрсетілетін қызметті алушы деректерінің мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының талаптарына сәйкестігін тексереді, оның нәтижелері бойынша төлем тағайындау немесе дәлелді бас тарту туралы шешім қабылданады.

Белгіленген сома хабарламаға жауап беру кезінде көрсетілетін қызметті алушы көрсеткен банк шотына аударылады.

Осылайша, проактивті формат қазақстандықтарға қажетті қызметті үйден шықпай-ақ және көп уақыт жұмсамай-ақ алуға мүмкіндік береді, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға көмектеседі, өйткені мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қатысушылардың аз саны тартылады.

 

 

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×