Астанада халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді
17-21 сәуір аралығында Астанада «Eurasian Book Fair» Еуразиялық Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Eurasian Book Fair» – Еуропа мен Азияның баспа, кітап сату, ғылыми, білім беру және полиграфиялық компанияларын бір үлкен зияткерлік алаңға біріктіретін еуразиялық кеңістіктегі ең ірі мәдени-ағартушылық іс-шара.
Шараны Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Фолиант» баспасы ұйымдастырып отыр.
«Eurasian Book Fair» кітап көрме-жәрмеңкесінің негізгі мақсаттары мен міндеттері:
— Еуразия кеңістігіндегі мемлекеттердің мәдениетін, әдебиетін және кітап шығарудың әртүрлі салаларын дамытудағы жетістіктерді көрсету;
— рухани-адамгершілік білім, білім және мәдениет саласында халықаралық мәдени және іскерлік байланыстарды нығайту және мемлекеттік, қоғамдық және бизнес құрылымдарының белсенді ынтымақтастығын дамыту;
— кітапты насихаттау, кітап оқуды қолдау, дамыту және насихаттау, оқу мәдениетін қалыптастыру;
— әлеуетті оқырмандар мен сатып алушыларға жетекші баспалардың кітап өнімдерінің заманауи үздік ассортиментін, кітап шығару және полиграфия саласындағы жаңа технологияларды ұсыну.
Көрме-жәрмеңке 17-21 сәуір аралығында Гейдар Әлиев көшесі, 12, Конгресс орталығында өтеді.
Іс-шара туралы қосымша ақпаратты www.eurasbook.com сайтынан алуға болады.